Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер жоғары қабаттан құлап кеткен...

Алматылық дәрігерлер жоғары қабаттан құлап кеткен ер адамды аяққа тұрғызды

Медицина 15.05.2023, 08:39 2,310
Алматылық дәрігерлер жоғары қабаттан құлап кеткен ер адамды аяққа тұрғызды
Сурет: Almaty.tv

8-қабаттан құлап кеткен ер адам аман қалды.


Оған дәрігерлер бірнеше ота жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Massaget.kz ақпаратына сәйкес, 19 жастағы жігіт аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген. Науқас шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның миы шайқалып, жабық бас-ми жарақаты салдарынан бірінші-екінші дәрежелі травматикалық шок алғанын және көптеген сүйектері сынғанын анықтады.


Орталық қалалық клиникалық аурухананың Ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекеловтің айтуынша, жан сақтау бөлімі қызметкерлері алдымен науқасты жарақат салдарынан болған шоктан арылтты. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін екі күннен соң дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдады.


«Екі кезеңмен бірнеше ота жасалды. Бірінші ота "сынған жамбас сүйегін ашық репозициялау, пластинамен және бұрандалармен бекіту" деп аталады. Науқас есін жиып, жағдайы жақсарған соң екінші ота жасалды. Бұл операция барысында сүйек тіндерін сынған жерден бір-біріне жалғап, металл конструкциялардың көмегімен жалғадық», – дейді Қанат Тәуекелов.

Мамандар сөзіне сүйенсек, жоғары технологиялардың көмегімен жасалған операция аса күрделі манипуляциялар қатарына жатады. Мұндай оталар МӘМС пакеті шеңберінде ғана жасалады.


«Біз науқасты емдеу барысында оның өмірін сақтап қалуды басты мақсат етіп қойдық, – дейді Қанат Тәуекелов. – Сонымен қатар мүгедек болып қалмауы үшін барымызды салдық. Нәтижесінде біз науқастың өмірін сақтап қана қоймай, аяққа тұрғыздық», - дәрігер.

Науқас отадан кейін екінші күні-ақ аяққа тұрды. Орталық қалалық клиникалық ауруханада реабилитациядан өтті. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігерлер #ота #биіктен құлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі