Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық дәрігерлер іш қуысының сирек дертіне шал...

Алматылық дәрігерлер іш қуысының сирек дертіне шалдыққан жасөспірімді аман алып қалды

Барлығы 13.02.2026, 09:45 314
Алматылық дәрігерлер іш қуысының сирек дертіне шалдыққан жасөспірімді аман алып қалды
Алматы әкімдігі

Алматыдағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы дәрігерлері сирек кездесетін қауіпті дерт – шарбы қабатының сегментарлы инфарктіне шалдыққан 12 жастағы балаға ота жасады.
Шарбы – іш қуысын қорғайтын майлы қабат. Ол үлкен және кіші шарбы деп аталатын 2 бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі асқазанды тоқ ішекпен байланыстырып тұрады.

Статистикалық деректерге қарағанда, инфаркттің бұл түрі балаларда өте сирек кездеседі. Әлем бойынша бұл дертке шалдыққан науқастардың 13-14 пайызы ғана балалар екен. Ауру белгілеріне қарағанда көп жағдайда оны өткір соқырішектен айыру қиын.

Аурухана директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, кейде тіпті зертханалық талдаулар да ағзадағы ақауды анықтап бере алмайды. Жасөспірімнің қан талдауларында ағзадағы қабыну процесінен белгі беретін аздаған өзгерістер байқалыпты. Тәжірибелі мамандар тез арада диагноз қойып, баланың денсаулығын тұрақтандырды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Пациент ауруханаға іштің оң жақ төменгі бөлігінің қатты ауыруы, құсу және мазасыздық сынды шағыммен ауыр халде жеткізілген. Алдыңғы 2 тәулік үйде емделген. Алғашында мықтап ұстаған «ұстама» дерт, бірте-бірте күшейе түскен және баланың жағдайы осы уақыт ішінде нашарлай түсіпті. 

Іш қуысына жасалған ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде, үлкен шарбы қабаты бұралып, онда майлы тіндер мен сұйықтық жиналғаны, қан айналымы бұзылғаны белгілі болды. Дәрігерлер тез арада ота жасау туралы шешім қабылдады.

Диагностикалық лапароскопия шарбының 360 градусқа бұралып қалған бөлігінің қарайып, жансыздана бастағанын анықтады. Шарбы қабатының зақымданған бөлігі биополярлы коагуляцияның көмегімен алып тасталды.

«Ота МӘМС қаражаты есебеніне жасалды. Операция сәтті өтті, басқа ақау табылған жоқ. Бесінші күні бала ауруханадан шықты», - дейді №2 БҚКА көпбейінді хирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Қаптағаев.

Гистологиялық талдау нәтижесіне сүйенсек, пациент денсаулығындағы кінәрат қан айналымының бұзылып, шарбы қабатына қан құйылуы салдарынан болған. Мамандардың айтуынша, мұндай жарақаттанған кезде немесе өткір ауру кезінде шарбы қабатында қан айналымы бұзылып, дерт соның салдарынан пайда болады. Бұл дерттің шектен тыс артық салмақ жинаған балаларда кездесу қаупі артады. Себебі мөлшерден артық майлы тін іш қуысындағы қан айналымын нашарлатып, түсетін салмақты арттырады және шарбы қабатының айналып кетуіне әсер етуі ықтимал.

М.ғ.к., доцент, хирург-ординатор Сәуле Сүлейманованың сөзінше, мұндай кезде уақыт өткізбей дәл диагноз қоюдың маңызы зор. Хирургиялық ота қанша ерте жасалса науқас өмірін сақтап қана қоймай, дерттің ауыр зардаптарының да алдын алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Бүгін 13:56

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика