Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер халықты скринингтен өтуге шақ...

Алматылық дәрігерлер халықты скринингтен өтуге шақырады

Медицина 13.07.2023, 04:55 1,451
Алматылық дәрігерлер халықты скринингтен өтуге шақырады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады


Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Мысалы, 2023 жылы Алматы қаласы бойынша профилактикалық тексерулерге 8 млрд теңге қарастырылған. Жыл басынан бері халықты скринингтік тексерулерден өткізген емханаларға 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Скринингтік зерттеулердің маңызы қандай және тексеруден өту үшін қайда бару қажет деген сұрақтарға №16 Қалалық емхана дәрігері Сәуле Исмағұлова жауап берді.
Маманның айтуынша, аурудың көбі қаншалықты ерте анықталса сонша тезірек жазылады. Уақтылы анықталған дертті емдеу де оңай.  


Скрининг дегеніміз не және оның қажеті қанша?


Скрининг – ауруды және оның туындауына әсер ететін факторларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді.


Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады?


• Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау – аталған диагноз негізінде динамикалық бақылауға алынбаған 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер 
• Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер 
• Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау.


Сонымен қатар, профилактикалық тексерулерден 18 жасқа дейінгі балалар да өте алады. Оған баланың психофизикалық және жыныстық даму деңгейін бағалау, зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын анықтауға арналған тексерулер кіреді. Бала денсаулығынан қандай да бір кінәрат табылған жағдайда салалық маманға жолдама беріледі.


Профилактикалық тексерден өтуге жолдаманы кім береді?


Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады. 
Профилактикалық тексерлер МӘМС пакетіне енген, сондықтан скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт.  


Скринингтен жылына неше рет өтуге болады?


Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі – екі немесе төрт жылда бір рет жасалады. Бұл мерзім әр аурудың даму қарқынына қарай белгіленген.


Скрининг нәтижесін қалай білуге болады?


Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#скрининг #медицина #сақтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика