AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер ер адамның оң аяғынан 7 см қы...

Алматылық дәрігерлер ер адамның оң аяғынан 7 см қысқа сол аяғын түзеді

Медицина 20.10.2023, 04:04 1,674 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматылық дәрігерлер ер адамның оң аяғынан 7 см қысқа сол аяғын түзеді
almaty-akshamy.kz

Дәрігерлер 27 жастағы ер адамның туа біткен күрделі патологиясын түзетіп, оны тура мағынасында аяғына тұрғызды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қала Төртінші қалалық аурухананың травматолог-ортопедтері ауыр кемістікті: туа біткен ортан жіліктің шығуы мен жамбас буынының 4-дәрежелі туа біткен дисплазиясын түзету үшін бірегей әрі күрделі операция жасады.


27 жыл бойы жас жігіт диагнозына байланысты қиналған, ол үшін жүру қиынға соқты, өйткені бір аяғы екіншісінен 7 см қысқа болды. Бұл бүкіл тірек-қимыл жүйесіне ауыр жүктеме. Науқастың айтуынша, ол кемістік кесірінен өзін кем сезініп, бұл оның жеке өміріне кері әсерін тигізген. Дегенмен табандылық пен жеңіске деген сенім оны жасытпады, жігіт медициналық білім алып, Тараз қаласындағы клиникаларының бірінде мейіргер болып істейді, сонда No4 қалалық клиникалық аурухана ортопед дәрігерлері туралы біледі.


«Сол аяққа ота жасадық, енді бірер айдан кейін екінші жамбас буынына ота жасаймыз, содан кейін науқасымыз жүріп, ақсақтықтан құтылады. Бес жасында оған «шығып кеткен буынды салу» операциясы жасалған, түзету остеотомиясы да қолданылды, бірақ бұл көмектеспеді. Науқас бізге консультацияға келгенде, біз оған операция жасауды ұсындық. Ол көптеген жерге көрініп, ем іздеген. Оның патологиясымен тек No4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері айналысатындықтан, оны бізге жіберді. Операция жасалған сол аяқ 5-7 см қысқа, 4-дәрежелі дисплазия, проксимальды сан сүйегінің вальгусты деформациясы. Біз мұндай жағдайға жылына 25-30-ға жуық осындай ота жасаймыз», – дейді No4 қалалық клиникалық аурухананың эндопротездеу бөлімінің меңгерушісі Манарбек Әубәкіров.


Операцияны ортопед-травматолог Жайдарман Оразхан жасады. Дәрігердің айтуынша, науқас бір жыл ойланып, Төртінші қалалық ауруханаға ота жасау үшін қайтып келген. Ортопедия және травматология саласындағы мұндай бірегей жағдайға куә болу үшін Ресейдің Қорған қаласынан Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығының өкілі Андрей Каминский келді. Қазақстандық және ресейлік дәрігерлердің бірлескен операциясы 4 сағатқа созылды.



«Алматыдағы No4 аурухананың хирургтарымен бірге бір операцияға қатыстым. Операция шынымен де өте күрделі болды және мұндай операцияны таңдау үшін дәрігерлердің сәйкес кәсібилігі, білімі мен тәжірибесі қажет. Бұл аурухана үшін аталған хирургиялық араласу бірегей нәрсе емес және дәрігерлер керемет кәсібилік көрсетті, араласу бірнеше остеотомияны қажет ететініне қарамастан, олар өте әдемі, мұқият, іс жүзінде қан жоғалтпай жұмыс істеді. Эндопротез мінсіз орнатылды. Мен керемет хирургиялық араласуға қатыса алдым деп есептеймін және мұны көргеніме, осы аурухана көрсеткен деңгейге өте ризамын», - деп атап өтті РФ ДСМ "Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығы" бас дәрігерінің өңірлермен байланыс және білім беру жөніндегі орынбасары Андрей Каминский.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);