Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, пациенттің...

Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, пациенттің аяғын теңестірді

Медицина 02.02.2022, 11:00 1,461
Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, пациенттің аяғын теңестірді

Ота 2,5 сағатқа созылды.


Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігері, ортопед Қанат Тәуекелов Қызылордадан келген 34 жастағы тұрғынның аяғына күрделі операция жасады. Бірегей ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Операция нәтижесінде пациенттің сол аяғы 5 сантиметрге ұзартылып, аяқтары теңестірілді.


Дәрігерлер пациентке «Жамбас сүйегінің туабітті кемістігі. 3-типтегі CROWE» диагнозын қойған. Ортопед маманның айтуынша, жігіттің оң аяғы сол аяғынан 6 см ұзын болған. Сондықтан ол бала күнінен балдаққа сүйеніп жүрген.



«Біз эндопротездің көмегімен сол жақ жамбас сүйегін толық ауыстырып, сол жақ жамбасты анатомиялық жағынан ұзарттық», - дейді клиниканың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекелов.



Дәрігердің сөзіне сүйенсек, жамбас буынын эндопротездеу кезінде жамбастың басы, мойны мен ұршық толығымен жасанды протезге ауыстырылады.



«Мұндай жағдайда жамбас сүйегінің остеотомиясы деп аталатын тәсіл жақсы нәтиже береді. Ол аяқтағы ақауды түзетіп қана қоймай, аяқтың қызметін де айтарлықтай қалпына келтіруге көмектеседі. Ота 2,5 сағатқа созылды», - деп атап өтті Қ.Тәуекелов.



«МӘМС пакеті арқылы осындай күрделі операцияларды жасатуға болады. Сақтандырылған тұрғындар бағасы қымбат болып келетін, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызмет түрлерін қажетінше пайдалана алады», - дейді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика