конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған төрт жастағы...

Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды

Әлеумет 22.07.2026, 15:29 274
Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды
Алматы әкімдігі

Алматыда дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан құлап, ауыр жарақат алған төрт жастағы балаға күрделі нейрохирургиялық ота жасап, аман алып қалды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Бала аурухананың қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер оған көптеген жарақат, соның ішінде жұлынға қысым түсірген бірінші бел омыртқасының ығысқан компрессиялық сынуын анықтады.

Науқастың жағдайын ескерген мамандар емдеуді екі кезеңмен жүргізу туралы шешім қабылдады. Алдымен нейрохирургтер омыртқа өзегіндегі қысымды азайту отасын жасап, кейін бел омыртқасын арнайы бекіту жүйесі арқылы тұрақтандырды.

Күрделі отаны нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Айдын Нүсіпқожаевтың жетекшілігімен нейрохирургтер Мұхтар Ибрагимов пен Алтай Анарбай жүргізді.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында дәрігерлер баланың қозғалу және сезіну қабілетін сақтап қалды.

«Біз баланың қозғалыс қызметін қалпына келтірдік. Оңалту курсынан кейін ол өздігінен жүре алады», – деді Айдын Нүсіпқожаев.

Қазіргі уақытта кішкентай науқастың жағдайы едәуір жақсарған. Стационарлық ем аяқталғаннан кейін ол үйіне шығарылып, амбулаториялық бақылау мен оңалту емін жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Қоғам назары қайда ауып отыр?

Бүгін 17:39

Саяси дода: Дебат мәдениеті қалыптасып келеді

Бүгін 17:33

Саяси бәсекенің жаңа сипаты

Бүгін 17:30

Алматыдағы қалалық жастар фестивалінде қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды

Бүгін 16:57

Gran Fondo World Championship: Алматыда жексенбі күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);