Алматылық дәрігерлер әйелдерге сенімділікті арттыру және өмір сапасын қалпына келтіруге қалай көмектеседі?

  • 14:25, 30 мамыр 2025
Алматылық дәрігерлер әйелдерге сенімділікті арттыру және өмір сапасын қалпына келтіруге қалай көмектеседі? Алматы  қаласының  № 7 қалалық клиникалық ауруханасы

Алматы  қаласының  № 7 қалалық клиникалық ауруханасында гинеколог –дәрігерлері  әйелдерге денсаулығын қалпына келтіріп қана қоймай, өзіне деген сенімділікті   арттыруға көмектесетін хирургиялық операция қынап пластикасын  сәтті жасап жүр. Гинекологтар қынап пластикасының функционалдық және эстетикалық гинекологияда жиі қолданылуына байланысты өзектілігін атап өтеді.

№7 ҚКА-ның гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Сәулеш Мұхтарқызы Оспанғалиеваның айтуынша соңғы кезде әйелдер қауымының арасында бұл операцияға қызығушылық арта түседі: "Көрсеткіштерге сәйкес, қынап пластикасы- қынап қабырғаларының әлсіздігі, жасқа ерекшелігіне байланысты өзгерістердің болуы, стресс салдарынан несептің ұстамауы, кейбір туа біткен жағдайлар, қынаптың алдыңғы немесе артқы қабырғасының түсіп кетуі және жыныстық өмір сапасына  қанағаттанбаушылығы, қынаптың жыртылуы мен жарақаты бар әйелдерге жасалады".

2025 жылдың басынан бастап № 7 қалалық клиникалық ауруханада МӘМС аясында және ақылы негізде 25 қынап пластикасы операциясы жасалды.

№7 ҚКА-ның  гинекология бөлімшесіне қынап қабырғалары түскен және өмір сүру сапасы төмендеген әйел портал арқылы жоспарлы емдеуге жатқызылды.

Әйел бұт аралығында бөгде заттың пайда болуына, түшкірген және күлген кезде зәрдің ұстамауы, нәжістің толық шықпауына шағымданды. Пациент бес баланы табиғи жолмен босанған, кейіннен созылмалы іш қатуы пайда болған, жыныстық өмірінің қиындағанын және қанағаттанбайтынын айтты. Пациент физикалық ыңғайсыздықтарымен және мүмкіндіктері шектеулімен соңғы 6 жыл бойы өмір сүрген,  ол өзінің әріптестерінің оң пікірлерін естімейінше, жамбас мүшелерінің  түсіп кетуін қалпына келтіру үшін операция жасаудан ұзақ уақыт бойы тартынған.

"Біз елеулі тыртықтық өзгерістерді, тік ішек пен қуық сияқты көршілес мүшелердің жақындығын ескере отырып, барлық ықтимал тәуекелдерді қарастырдық. Кезең-кезеңмен алдыңғы және артқы кольпотомия, қуықты транспозициялау, леваторопластика, сондай-ақ бұт аралық пластика жасадық. Жағдайдың өте күрделілігіне қарамастан бәрі сәтті өтті", - деді гинеколог –дәрігер Дина Тұрлыбаева. 

Дәрігерлер операцияны техникалық қиындықсыз, операция кезінде ең аз қан кетумен жасады. Пациент 7 күн өткен соң қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

"Қынап тіндерінің тонусының, функцияларының және формаларының төмендеуін ескере отырып, қынап пластикасына деген қажеттілік оларды қалпына келтірудің маңызды шешіміне айналуда. Бұл ретте біз бір мүшенің қызметін қалпына келтірумен шектелмей, сонымен қатар пациенттерді эстетикаға, симметрияға және психологиялық ахуалының жақсаруына ерекше мән береміз. Операциядан кейін әйелдер тек физикалық жағдайы жақсарғанын ғана емес, сонымен қатар өзіне деген сенімділігі нығайғанын айтады. Қиындық пен алаңдаушылық артта қалады, отбасындағы қарым-қатынас  жақсарады", - деп атап өтті гинеколог-хирург Жібек Жаналиева.

Дәрігер Жібек Жаналиеваның айтуынша, пациенттер хирургиялық араласудан кейінгі алғашқы үш айдың ішінде жыныстық өмір сапасының жақсарғаны, жыныстық қатынас кезінде ауырсыну және қолайсыздықтың кеткені, несеп шығаруды бақылаудың қалпына келгені, өзін-өзі бағалаудың артқаны туралы айтқан. Кіші жамбас ағзаларының анатомиясы қалпына келгеннен кейін, созылмалы инфекциялық аурулардың қаупі төмендейді.

Жақында аурухананың сайтына пациенттен алғыс хат келіп түсті: 

"Маған тамаша дәрігер Жібек Рысбекқызы Жаналиева қынап пластикасы операциясын жасады: керемет білікті маман, пациенттерге қамқорлығы ерекше. Операциядан кейін 2,5 ай өтті, ол әлі жағдайымды сұрап хабарласады, қажетті кеңестер береді, осы уақыт ішінде маған жақын адамыма айналды! Жалпы бөлімшенің жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бөлімшенің барлық қызметкерлеріне Алғысым шексіз!" - деп жазды ол.

№7 қалалық клиникалық аурухана мамандарының күш-жігері мен кәсіби біліктілігінің арқасында әйелдер денсаулығын қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болып, күрделі жеке проблемасының шешімін тауып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:56

10:13

09:56

09:24

19:54

18:29

16:55

15:07

14:14

13:34

13:27

12:38

11:20

10:15

09:55

09:05

19:42

19:19

18:33

18:31

16:39

15:08

14:46

14:40

14:10