AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер 37 жастағы әйелге қайта жүру...

Алматылық дәрігерлер 37 жастағы әйелге қайта жүру мүмкіндігін қайтарды

Медицина 20.07.2024, 16:26 1,205 Нұржамал Әлішева
Алматылық дәрігерлер 37 жастағы әйелге қайта жүру мүмкіндігін қайтарды
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасында нейрохирург- дәрігерлер 37 жастағы әйелдің аяғының қозғалыс қызметін қайта қалпына келтірді. Сәтті жасалған отадан кейін, алдағы уақытта ол қайтадан жүре бастайды.  

Бір жылдан астам уақыт бұрын әйел жол-көлік апатына ұшырайды, сол кезде көліктің орындықтарының ортасына оң аяғы қысылып қалады. Аяғы қысылған күйде 2-3 сағат отырып қалады. Аяғын шығарып алғаннан кейін тақым шұңқырының, санның және жіліншік сирақтың тұсында үлкен сыдырылған жара пайда болады. Аяғы ұйып, аяғы мен балтырының қимылы мүлдем жоғалып кетті. Ол жүре де, отыра да алмады.  

Пациенттің айтуынша, бұрын жүргізілген емдеу тиісті нәтиже бермеген, жарақат аумағында үлкен керілген тыртық пайда болған. Аяғы ұйып, үнемі тоңып тұратын болды. Әйел дертіне ем іздеп «Жетіге» келді.  

Отаны тәжірибелі нейрохирург-дәрігер Әлімхан Халимов жасады. Дәрігердің оның айтуынша, әйелді тексеріп-қарау кезінде байқағаным науқаста жіліншік пен аяқтың бұлшық еттерінің сал ауруы басталған, аяқтың импульсы мүлдем сезілмеді. Дәрігерлер мұны «ұзақ қысылу синдромы» - деп атайды. Дәрігерлер аяқ-қолдың қызметін қалпына келтіру үшін микрохирургиялық операция жасауды шешті.

Нейрохирург –дәрігерлер тамырлы- нейрохирург Александр Смолкинмен және анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ақбота Бейбитовамен бірлесе, бұл өте күрделі отаны, кәсіби тұрғыда өте жоғары деңгейде сәтті жасап шығады.

«Мұндай ұзақ қысылып қалғаннан кейін теріде үлкен сыдырылған жара пайда болатын жағдайлар жиі кездеседі. Кейде күткеніміздей барлық функцияларды толық қалпына келтіру мүмкін болмай жатады. Біз керілген тыртыққа резекция жасадық. Бұл отаның ең қиыны, аяқ-қолдың нервтері мен қан тамырларын микрохирургиялық қалпына келтіру, біз соған қол жеткіздік», - деді Әлімхан Халимов.  

Дәрігердің айтуынша, мұндай күрделі отадан кейін бірден ғажайып күтуге болмайды. Науқастың толық оңалып кетуі үшін бір жылға жуық уақыт керек. Бірақ дәрігерлер оның толыққанды өмірге оралатынына сенімді. Айтпақшы, дәрігерлер бұл отаны МӘМС қаражаты есебінен жасағанын айтты, өйткені ол 2 топтағы мүгедек ретінде сақтандырылған.

Отадан кейінгі кезеңде, әйел біртіндеп аяқ-қолының жылуын сезеді, табанында «піскілеу» пайда болды. Тізе буынының қимылы толық көлемде қалпына келді.  

Пациентке оңалту емі ұсыныстары беріліп, шығаруға дайындап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);