AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер 33 жастағы пациенттің көзін с...

Алматылық дәрігерлер 33 жастағы пациенттің көзін сақтап қалды

Медицина Бүгін 17:12 42
Алматылық дәрігерлер 33 жастағы пациенттің көзін сақтап қалды
Алматы әкімдігі

Мұндай операциялар донорлық бағдарлама шеңберінде жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін 33 жастағы пациент күрделі операциядан кейін бес ай өткен соң Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына қайта келді. Бес ай бұрын оған IV дәрежелі ауыр кератоконус диагнозына байланысты мөлдір қабықты трансплантаттау жасалған болатын. Бүгінгі бақылау тексеруі жақсы нәтижені көрсетті. Пациент дәрігерге алғыс айту үшін де арнайы келген.

33 жастағы жас жігіт иөлдір қабықтың ауыр ауруы — IV дәрежелі кератоконусқа тап болған. Аурудың үдеуіне байланысты көру қабілеті айтарлықтай төмендеп, мөлдір қабықты трансплантаттау қажет болған.

Операцияны Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова жасады. Хирургиялық емнің арқасында пациенттің көзі сақталып қалды.

Бүгін, трансплантаттаудан кейін бес ай өткен соң, мамандар бақылау тексеруін жүргізді. Мөлдір қабықтың жағдайы оң бағаланып отыр.

Тексеруден кейін жас пациент көрсетілген ем мен көмек үшін дәрігерге және медицина қызметкерлері тобына шынайы алғысын білдірді.

«Біз үшін әр операцияның артында нақты адамның тағдыры тұр. Әсіресе жас пациенттерге көру қабілетін сақтап, толыққанды өмір сүруіне, білім алуына, еңбек етуіне және болашаққа жоспар құруына мүмкіндік беру аса маңызды», — дейді офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова.

Мөлдір қабықты трансплантаттау — офтальмохирургиядағы күрделі бағыттардың бірі. Ол мамандардың жоғары біліктілігін, заманауи хирургиялық технологияларды және операциядан кейін ұзақ уақыт бойы бақылауды қажет етеді.

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында мұндай операциялар донорлық бағдарлама шеңберінде жүргізіледі.

Жыл басынан бері аурухана мамандары 15 мөлдір қабықты трансплантаттау жасады.

Әр операцияның артында жеке тарих және трансплантаттау көру қабілетін сақтап қалуға немесе қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берген адам тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 17:31

«Адал азамат», жауапкершілік және жасампаздық: Алматыда студенттермен Президент айқындаған құндылықтар талқыланды

Бүгін 17:19

Alma Qala Fest аясында екі күн қатарынан өтетін алма жәрмеңкесінде 200 тоннадан астам түрлі алма сорттары ұсынылады

Бүгін 16:17

Есентай жағалауы бойында арт-нысан жасау туралы ақпарат

Бүгін 16:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);