AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақт...

Алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды

Медицина 15.10.2025, 09:09 591 yakiya
Алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды
Қалалық кардиологиялық орталығы

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүректің митрал және трикуспидалды қақпақшаларына пластика жасау арқылы сәтті ота жүргізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Пациентке сирек тығыздалмаған миокард және митрал мен трикуспидалды қақпақшалардың айқын жеткіліксіздігі диагнозы қойылған.

Ота жүрек соғып тұрған күйінде (Beating heart) жасалды. Бұл қазақстандық кардиохирургия тәжірибесінде өте сирек кездесетін жағдай.

Отаны Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры, кардиохирург Ермагамбет Куатбаев басқарған хирургиялық команда жүргізді.

18 жастағы қыз жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсацияланған клиникалық белгілері және сол қарыншаның төмен шығарым фракциясымен шұғыл түрде Кардиологиялық орталыққа жатқызылды.

Пациент жағдайының ауырлығын және жүрек трансплантациясына көрсеткіштерін ескере отырып, реконструктивтік ота жасау туралы шешім қабылданды, өйткені жақын уақытта донор табу және трансплантация жүргізу мүмкін болмады.

Гемодинамикалық тұрақсыздыққа байланысты қыз реанимациялық бөлімшеге жатқызылып, артериалық қысымды қолдауға арналған препараттарды қабылдады.

Кешенді тексеру нәтижелері (ЭХО, МРТ) тығыздалмаған миокард және жүрек қақпақшаларының айқын жеткіліксіздігі диагнозын растады.

Бұл жағдай Пя Юрий Владимирович басшылығымен Heart Team UMC Жүрек орталығы мамандарымен телемедицина арқылы талқыланды.

Асқынудың жоғары қаупіне байланысты жүрекке соғып тұрған күйінде ота жасау шешімі қабылданды. Классикалық нұсқа, яғни жасанды қан айналымын пайдаланып жүректі уақытша тоқтату, миокардта қайтымсыз өзгеріске және ауыр жүрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін еді.

Тығыздалмаған миокард - жүрек қарыншаларының миокард құрылымының бұзылуымен сипатталатын генетикалық ауру.

Бұл патология өте сирек, халықтың шамамен 0,015%-да ғана, кездеседі және көбіне жүрек жеткіліксіздігінің тез дамуына және кенет өлім қаупіне әкеледі.

Ермагамбет Куатбаев: «Бұл жағдай тек аурудың сирек кездесуімен ғана емес, сонымен қатар хирургиялық тәсілдің айрықша болуымен ерекше. Митрал және трикуспидалды қақпақшаларға пластика жасау - олардың өзін сақтау және функциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді, бұл пациенттің әрі қарайғы өмір сапасы үшін өте маңызды. Ең бастысы, бұл ота жүрек трансплантациясын күте тұруды мүмкін етеді", - деп атап өтті.

Қазір пациент реабилитациядан өтіп, үйге шығуға дайындалып жатыр. Қалалық кардиологиялық орталықтың дәрігерлері оның денсаулығын бақылауды жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды

Бүгін 16:17

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика