AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық бойжеткен Өскеменде синтетикалық есірткі...

Алматылық бойжеткен Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болды

Заң мен тəртіп 23.12.2021, 05:07 1,168
Алматылық бойжеткен Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болды
Сурет: Polisia.kz

Есірткіні Алматыдан жіберіп отырған әйелдің ісі әшкереленді


Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ мен прокуратураның үйлестіруімен Өскемен қаласында синтетикалық есірткілерді өткізу арнасын жедел әзірлеу нәтижесі есірткі зертханасын жоюмен аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


«Рефлекс» арнайы операциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 120 грамм «альфа-pvp» психобелсенді заты тәркіленген жергілікті тұрғынды ұстады. Ол есірткіні оған Алматы қаласынан бір әйел үшінші тұлғалар арқылы жолдап отырғанын көрсетті. Кейіннен ол анықталып, әзірлеуге алынды.

Желтоқсан айының басында ол есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін Өскеменге келген, ол үшін жабдықтар мен химикаттарды Алматы қаласынан жеке заттар ретінде жіберіп отырған. Күдікті әйел пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісіне кіріскен.


Оның қылмыстық әрекетке қатысуы туралы дәлелді базаны бекіткеннен кейін ол ұсталды. Жалға алынған пәтерді тінту барысында әрқайсысы 0,3 граммнан «альфа-pvp» бір реттік 100 дозасы, сондай-ақ буып-түюге дайындалған есірткі табылды. Барлығы 62 грамм синтетика алынды, ол аса ірі мөлшердегі есірткі болып табылады. Сонымен қатар, пәтерде өндірістің соңғы сатысына дайындалған алты литр есірткі ерітіндісі, бес литр прекурсор, сондай-ақ, күдікті есірткіні өндіру және өлшеп-орау кезінде пайдаланған газқағары, электр плитасы, электрондық таразы, 150 орама изолента, термоқаптарды орау, зип-пакеттер табылды. Осылайша, жедел қызметкерлердің қабылдаған шаралары арқасында дайын есірткінің 200-ге жуық бір реттік дозасы және үш келіден артық синтетика өндіруге жарайтын алты литр сұйық түріндегі есірткі заңсыз айналымға жіберілген жоқ. Ұсталғанға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #психобелсенді зат #арнайы операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);