конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турн...

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Спорт 06.04.2026, 18:21 391 Сұлу
Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Телави қаласында (Грузия) Еуропалық жастар баскетбол лигасының EYBL маусымдық финалдық кезеңі — «Challenge Cup» турнирі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Қазақстанның U-15 жасөспірімдер құрамасы халықаралық додада сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық жас баскетболшылар Грузияның RUSTAVI командасын 89:57 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Команданың бұл жетістігіне алматылық спортшылар да қомақты үлес қосты. Ұлттық құрама сапында «Алматинский легион» клубының ойыншылары Лев Горинский, Олжас Адамбеков, Ерхан Сембай және Арнур Қаңтарбай өнер көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша ең құнды ойыншы (MVP) атағы алматылық Олжас Адамбековке бұйырды. Ол жарыс барысында жоғары шеберлігімен, сенімді ойынымен және көшбасшылық қасиетімен көзге түсті.

Команда бас бапкер Анастасия Овечкинаның жетекшілігімен ұйымшыл ойын өрнегін көрсетіп, тәртіп пен тактикалық сауаттылықтың жоғары деңгейін паш етті. Соның нәтижесінде жасөспірімдер құрамасы халықаралық аренада табысты өнер көрсетті.

Спорт басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл нәтиже жасөспірімдер құрамасының дайындығы жоғары деңгейде екенін, ал алматылық баскетболшылардың ойыны қаладағы спорт резервінің әлеуетін айқын көрсеткенін дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Бүгін 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Бүгін 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);