AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыға қалың қар жауды

Алматыға қалың қар жауды

Әлеумет 17.01.2024, 04:36 1,163
Алматыға қалың қар жауды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда мыңнан астам жол жұмысшысы мен 425 техника қар тазалауға жұмылдырылды


«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматы қаласында 19 см қар жауды. Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.



Түнде 421 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, таңертең 425 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 146 құм таратқыш және 1143 жол жұмысшысы. Сағат түнгі 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 13 колонна қар күреумен айналысты.




Таңғы сағат 05.00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Аялдамаларды, жер үсті өткелдерінің тұрақ «қалталарын», әлеуметтік маңызы бар объектілерге өтетін жолдарды тазарту жұмыстары күшейтілді.



Қалалық трафикке жүктемені азайту мақсатында сағат 07.00-ден бастап техникаға жанармай құю және құм таратқыштарды көктайғаққа қарсы материалмен толтыру жүзеге асырылады. Сағат 10.30-дан бастап жолдардың жүріс бөліктерін қардан тазартудың жаңа циклі және жиналған қарды сыртқы полигондарға шығару басталады.




Айта кетерлігі, бір күн бұрын синоптиктер дауылды ескерту жариялады, осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалыңқар #техника #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Бүгін 09:16

Астана қаласының оқушылары халықаралық чемпионаттың жеңімпазы болды

Бүгін 09:13

29 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:47

Қорғаныс министрі «Вечерний Алматы» газетін мерейтойымен құттықтады

Кеше 23:05

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика