AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы ав...

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктерге тиесілі: қала ауасын тағы не ластайды

Алматы Бүгін 11:27 36
Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктерге тиесілі: қала ауасын тағы не ластайды
Алматы әкімдігі

Қаладағы зиянды шығарындылардың жалпы көлемі шамамен 189 мың тонна, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы зиянды заттар шығарындыларының жылдық көлемінің шамамен 60 пайызы автокөлікке тиесілі. Бұл жылына 113 мың тоннаға жуық зиянды зат деген сөз. Дегенмен ауаны көлік қана ластамайды. Бұл туралы Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады.

Қаладағы зиянды шығарындылардың жалпы көлемі шамамен 189 мың тонна. Оның басым бөлігі автокөлікке тиесілі.

Ауаның ластануына көмір және отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлер де әсер етеді. Сондай-ақ қатты және сұйық отын пайдаланатын нысандардан, соның ішінде моншалар мен қоғамдық тамақтану орындарынан, әсіресе кәуапханалардан шығатын түтін де ауаны ластайды.

Алматының табиғи ерекшеліктері де ауа сапасына әсер етеді. Қала Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қыста, әсіресе желсіз күндері, температуралық инверсия құбылысы байқалады. Яғни, жылы ауа қабаты зиянды шығарындылардың жоғары қарай таралуына кедергі келтіреді. Соның салдарынан ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін экологиялық талаптарды кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Атап айтқанда, 2025 жылы 30 желтоқсанда бекітілген Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары ластайтын стационарлық көздерге бақылауды күшейтуді, газ тазарту қондырғыларын пайдалануды, сондай-ақ газ тартылған аудандарда қатты және сұйық отын жағуды шектеуді қарастырады.

Көліктен шығатын зиянды заттарды азайту да маңызды бағыттардың бірі. Қалада автобус паркін жаңарту жұмыстары жалғасып, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар желісі кеңейіп келеді. Бұл шаралар тұрғындардың жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалануға жағдай жасауға бағытталған.

Бұдан бөлек, биыл сәуір айынан бастап Алматыда шығарындылары төмен аймақты (LEZ) енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаның сынақ кезеңінде оған қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Кіру үшін ақы алынбайды, айыппұл салынбайды және көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. Жоба аясында болашақта автокөліктерге қойылатын экологиялық талаптарды енгізу тетіктері сынақтан өткізіледі.

Ауаның ластануын азайту жұмыстары көлік саласын ғана емес, отын пайдаланатын және атмосфераға зиянды заттар шығаратын басқа да нысандарды қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Қарагөз-Айым» – өнер мен өмір тоғысқан сахна

Бүгін 11:47

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін 11:46

Алматылық мұғалімдер ЖИ технологиясын пайдаланады

Бүгін 11:37

Алматылық дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған 13 жастағы жасөспірімнің өмірін сақтап қалды

Бүгін 11:22

Алматыда суретші Байтұрсын Өмірбековтің шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);