Алматыдағы теміржолшылар әулеті референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматының Медеу ауданында республикалық референдумға теміржолшылар әулетінің өкілдері – Қапышевтер отбасы қатысты.
Ерлі-зайыптылар 50 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп, отбасылық құндылықтарды, өзара сыйластықты және кәсібіне деген адалдықты сақтап келеді. Олар сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс беруге қатысты.
Қапышевтердің айтуынша, референдумға қатысу – ел үшін маңызды мәселеге қатысты пікір білдірудің бір жолы.
Еске салайық, бүгін Алматыда 653 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес өтіп жатыр.