AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыдағы суретшілер мен жазушылар азаматтарды ре...

Алматыдағы суретшілер мен жазушылар азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

Референдум 05.03.2026, 15:42 327 Сұлу
Алматыдағы суретшілер мен жазушылар азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

Алматының мәдениет пен өнер қайраткерлері қазақстандықтарды 15 наурызда жаңа конституция жобасы бойынша өтетін референдумға қатысуға шақырды. Олардың пікірінше, елдің негізгі заңы мемлекет пен қоғамның болашағын айқындайды, сондықтан әр азамат оған атсалысуы керек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Тан-Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының президенті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жәмила Тәкен шығармашылық қауым өкілдері де жаңа конституция жобасын мұқият қадағалап отырғанын және мәдени саланың әрі қарай дамуына үміт артатынын атап өтті.

«Біз конституцияны қолдаймыз. Бұл еліміз үшін маңызды саяси қадам, өйткені барлығымыз мемлекетіміздің тағдыры мен болашағына алаңдаймыз. Жаңа Конституция өз заңдылығын көрсетіп, елдің тұрақты дамуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Мен, суретші ретінде, өнер мен мәдениет, соның ішінде бейнелеу өнеріне лайықты көңіл бөлінгенін қалаймын, өйткені өнер көбінесе мемлекеттің бет-бейнесі», — дейді ол.

Жәмила Тәкеннің айтуынша, суретшілер мен өнер қайраткерлерінің үлесі елдің дамуы мен мәдени мұрасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Суретшілер мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосады. Өнер қоғамның рухани жағдайын, тарихы мен құндылықтарын көрсетеді. Сондықтан мәдениет пен өнердің дамуына мемлекет мүдделі. Біз өнер қайраткерлерінің еңбегі лайықты бағаланатынына үміттенеміз», — деп қосты ол.

Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева да алдағы референдумның ел азаматтары үшін маңыздылығын атап өтті.

«Еліміз жаңа конституцияны талқылау мен қабылдау жөніндегі референдумға дайындалып жатыр. Бұл — мемлекетіміздің негізгі заңы, балаларымыз бен болашақ ұрпағымыз соған сай өмір сүреді. Референдум — бұл бүкіл халықтық талқылау, әр адам қатысып, пікір білдіріп, ұсыныс жасай алады. Дауыс берудің нәтижесі ақпарат құралдарында жарияланады», - дейді.

Светлана Ананьеваның айтуынша, конституцияның жаңа нұсқасында ғылым, білім, тәрбие мен экология мәселелерінің дамуына ерекше көңіл бөлінген.

«Бұл бағыттар еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әр азаматтың шығармашылық еркіндігі мен пікір білдіруіне қақы бар. Бәріміз референдумға барып, елдің өркендеуіне үлес қосамыз», — деп түйіндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академиктерінің қатары толықты

Кеше 19:34

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді

Кеше 19:32

Қазақстан халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:27

Қазақстан боксшылары Венгрияда 15 медаль алды

Кеше 19:25

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);