AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы «София» тұрғын үй кешенінде ыстық су бе...

Алматыдағы «София» тұрғын үй кешенінде ыстық су беру қалпына келтірілді

Алматы 12.09.2026, 15:02 205
Алматыдағы «София» тұрғын үй кешенінде ыстық су беру қалпына келтірілді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Алатау ауданындағы «София» тұрғын үй кешенінде 11 қыркүйекте ыстық су беру уақытша тоқтады. Бұған МИБ, басқарушы компания және энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы берешек пен реттелмеген шарттық мәселелер себеп болған. Жағдайға әкімдік араласқан соң сол күні сағат 23:20-да қазандық қайта іске қосылып, тұрғындарға ыстық су беру қалпына келтірілді.

Қолда бар дерек бойынша тұрғын үй кешені тұрғындарының электр энергиясы үшін жалпы берешегі 24,83 млн теңге. Бұдан бөлек, автономды қазандықтың жұмысына қатысты шамамен 7 млн теңге берешек бар. МИБ мәліметінше, жекеменшік қазандық электр қуатын тұрғын үй кешенінің желілері арқылы пайдаланады, алайда оны электрмен жабдықтауға жеке шарт жасалмаған.

Тұрғындардың өтінішінен кейін оқиға орнына Алатау ауданы әкімі аппараты мен Алматы әкімдігінің жауапты басқармаларының өкілдері барды. Олар МИБ, «Volden V» ЖШС басқарушы компаниясы және энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілдерімен бірге мәселені реттеу және ыстық су беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір қазандық қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

«София» тұрғын үй кешені 2022 жылы пайдалануға берілген кешен 14 үй мен 841 пәтерден тұрады. Басқарушы компаниясы – «Volden V» ЖШС.

Алматы әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта тараптар берешек пен шарттық қатынастарға байланысты мәселелерді заңнама талаптарына сәйкес реттеу жұмыстарын пысықтап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);