AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Сайран көлінде өнер мен әдебиет өкілдер...

Алматыдағы Сайран көлінде өнер мен әдебиет өкілдері тазалық акциясына шықты

Барлығы 21.06.2025, 11:15 942 Дина
Алматыдағы Сайран көлінде өнер мен әдебиет өкілдері тазалық акциясына шықты
Алматы әкімдігі

Алматының жүрегінде орналасқан Сайран көлінің жағасында ерекше экологиялық шара өтіп жатыр. Табиғатты аялауға үндейтін бұл тазалық акциясына еліміздің танымал тұлғалары - әншілер, актерлер мен жазушылар белсене ат салысып жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі

Тазалық акциясына эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаил, Тахмина Әшімбекова, Қазыбек Әдікей мен Димаш Дәулетов қатысып, табиғатты таза ұстауға шақырды. Сонымен қатар, сахна саңлақтары Ұлан Нүсіпәлі, Лиза Серікова, Камалия Байтлеуова, Бақыт Тушаев пен Әсет Иманғали да қолдарына қап алып, көл жағасын қоқыстан тазартуға үлес қосты.

Акцияға әдебиет майталмандары - Қазақстанның халық жазушысы Ұлықбек Есдәулет, публицист Бигелді Ғабдуллин, ақын, жазушы Мұратхан Шоқан мен жазушы Нұрдәулет Ақыш та қатысты. Олар табиғатты қорғаудың маңыздылығын айтып, жастарды осындай игі істерге жиі қатысуға үндеді.

Әнші Жұбаныш Жексенұлы:

"Сайран – біздің ортақ игілігіміз. Қаланы таза ұстау – әрқайсымыздың парызымыз. Қала жалғыз, біз көппіз. Егер әр адам жауапкершілікпен қараса, табиғатты бүлдірмейміз", – деп пікір білдірді.

Жазушы Ұлықбек Есдәулет те өз ойын бөлісті:

"Сайран – Алматының сәні, көркі. Оның табиғи келбетін сақтау – бізге аманат. Бұл көлді сақтау – болашаққа мұра қалдыру деген сөз", – деді ол.

Шара соңында қатысушылар таза жағалауда естелік суретке түсіп, экологияны сақтаудың маңыздылығы жайлы ойларымен бөлісті. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайран #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);