Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына...

Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына қалай түсуге болады?

Әлеумет 26.05.2023, 08:35 1,776
Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына қалай түсуге болады?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Институтта 6 мамандық және 14 біліктілік бойынша мамандар дайындалады. Оқу мерзімі – 4 жыл


Әскери мамандық алғысы келетіндер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсе алады. ӨКҚ өткен брифингте институт бастығының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары, полковник Жәнібек Саргазин оқу орнына қабылдау, іріктеу ережелері және оқу процесі туралы баяндады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құралымдарының және басқа да әскерлерінің офицерлік құрамының 80% астамы институт түлектерінің есебінен толықтырылады.



«Институттың негізгі міндеті – құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін даярлау. Қазақ әскері үшін офицерлер дайындауда ұстаханаға айналған оқу орнымыз қашанда алдыңғы қатарда. Институт заманауи оқу-әдістемелік базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Институттың лекциялық аудиториялары мен кабинеттері әскери мамандарды даярлауға қажеттінің бәрімен жабдықталған», - деді ол.



Институтта 6 мамандық және 14 біліктілік бойынша мамандар дайындалады. Оқу мерзімі – 4 жыл. Осы уақытта курсанттар үш мезгіл тегін тамақпен, ақшалай стипендия және әскери киіммен қамтамасыз етіледі.



«Курсанттарға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Демалыс жылына екі рет беріледі: қыста он төрт күн, жазда бір ай. Шәкіртақыға келетін болсақ, оның мөлшері 1-2 курс үшін 12 627 теңге, 3-4 курс үшін 21 915 теңге. Институтта болашақ офицерлерді дайындап, сапалы жоғары білім алу үшін барлық жағдай жасалған», - деп қосып өтті Ж. Саргазин.



Спикердің айтуынша, үміткерлердің жарамдылығын денсаулық жағдайын, психологиялық және физикалық дайындығын бағалау кезінде комиссия анықтайды.


- 50 жылдық тарихы бар оқу орны 17 мыңнан астам білікті офицер дайындап шығарды. 85-тен астам генерал шығарды, олардың арасында қызметін жалғастырып жатқандары да бар, - деп қорытындылады спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскер #инмтитут
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған күдіктілер ұсталды

Бүгін 15:15

Қазақстандағы ең үлкен бес мешіт

Бүгін 15:05

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 14:36

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәті жарияланды

Бүгін 14:31

Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» атты сарапшылар форумы өтті

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі