AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші к...

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Алматы құшағында 24.03.2026, 21:42 617
Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда: концерттер, жәрмеңкелер мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылуда,- деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қаланың негізгі алаңдары күн сайын ән мен мәдени бағдарламаларды ұнататындар үшін басты тарту нүктелеріне айналуда. Мұнда концерттік қойылым, театрландырылған көріністер өтіп, қолөнер жәрмеңкесі мен интерактивті аймақ жұмыс істейді.

24 наурыз Абай алаңында шамамен 7 сағатқа созылған концерттік бағдарлама өтті. Оның аясында «Nauryz Open Air» ұйымдастырылып, «Steppe Sons» тобы мен IGIGAI орындаушысы өнер көрсетті. Сондай-ақ дәстүрлі және заманауи жанрларды тоғыстырған «Төрлет, Наурыз!» бағдарламасы ұсынылды. Кешкі уақытта сахнаға «Aldaspan» ұжымы шығып, бағдарламаны «Qazaqsha терапия» атты театрландырылған рухани-музыкалық кеш қорытындылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып, отбасыларымен және достарымен бірге уақыт өткізіп, өз әсерімен бөлісуде.

«Әртүрлі алаңдарға барып көруге тырысамыз — мұнда ерекше атмосфера бар. Барлығы өте ұнайды, баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз», — деді қала тұрғындары Лев Юрковский мен Ксения Васильева.

«Наурыздың бұрын соңды мұндай ауқымда атап өтілгенін есіме түсіре алмаймын. Барлығы жан-жақты ойластырылып, шынайы көңілмен ұйымдастырылған», — деп қосты алматылық Сәуле Ищанова.

Мерекелік іс-шараларға шетелдік қонақтар да ерекше қызығушылық танытуда.

«Біз де өз елімізде Наурызды атап өтеміз, бірақ мұндай ауқымды күтпедік. Бірнеше күннен бері түрлі алаңдарға барып жүрміз — бәрі өте әдемі әрі ерекше», — деп бөлісті Түркиядан келген студенттер Зехра, Туйче және Азра.

Қалада Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар ертең де жалғасады. Келесі концерт Абай алаңында 25 наурыз сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #наурыз мерекесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Бүгін 14:30

Павлодарда құтқарушылар аяғы бетон плитасының астында қысылып қалған баланы құтқарды

Бүгін 14:05

«Әділет» партиясының сарапшылар алаңында Президент Жолдауындағы цифрлық басымдықтар талқыланды

Бүгін 13:39

Алатау қалалық кеңесінде қаланы дамыту мен басқарудың стратегиялық мәселелері қаралды

Бүгін 13:30

Алматы ғалымдары Қазақстан Президентінің Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылады

Бүгін 12:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);