AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы мектепте Ұлттық ұланның қатысуымен төте...

Алматыдағы мектепте Ұлттық ұланның қатысуымен төтенше жағдайларға арналған кешенді оқу-жаттығу өтті

Алматы 14.05.2026, 16:03 235 yakiya
Алматыдағы мектепте Ұлттық ұланның қатысуымен төтенше жағдайларға арналған кешенді оқу-жаттығу өтті
Ұлттық ұлан

Алматыдағы мектепте Ұлттық ұланның қатысуымен төтенше жағдайларға арналған кешенді оқу-жаттығу өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

14 мамыр күні Алматы қаласының аумақтық азаматтық қорғау кіші жүйесін одан әрі жетілдіру, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерін Алматы қаласында қиратушы жер сілкінісі туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындау мақсатында жалпықалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейінде, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға арналған кешенді,оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі және техногендік апаттар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру.

Жаттығуға мектеп әкімшілігі, 5–10 сынып оқушылары, медицина қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты,  олар шартты түрде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ролін атқарды.

Сценарий бойынша Алматы қаласында 9 балдық қиратушы жер сілкінісі болды деген шартты дабыл жарияланды. Сабақ барысында берілген белгі бойынша мұғалімдер оқушыларды жедел түрде қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Жаттығу кезінде зардап шеккен оқушыға алғашқы көмек көрсетіліп, құтқарушылар оны медицина қызметкерлеріне жеткізді.

Оқу-жаттығудың келесі кезеңінде мектеп асханасынан газ иісі шығып, өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өртті оқшаулап, жарақат алған асхана қызметкерін қауіпсіз жерге шығарып, медицина мамандарына тапсырды. Шартты өрт толықтай сөндіріліп, жағдай тұрақтандырылды.
Сондай-ақ, сценарий аясында жер сілкінісінен кейін баспанасыз қалған тұрғындарды мектеп ғимаратына уақытша орналастыру іс-қимылдары да пысықталды. Қатысушыларға эвакуациялық қабылдау пунктін ұйымдастыру, медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерге жағдай жасау тәртібі түсіндірілді.

№210 мектеп-лицей директорының орынбасары Салтанат Ашимбаева мұндай жаттығулардың маңыздылығына тоқталды.

- Бүгінгі оқу-жаттығудың басты мақсаты – балалар мен педагогтердің төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, нақты әрі үйлесімді әрекет етуін қалыптастыру. Осындай тәжірибелік шаралар қауіпсіздік мәдениетін арттырып, кез келген қауіпке дайын болуға үйретеді. Жаттығуға қолдау көрсеткен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне алғысымызды білдіреміз, - деді директордың орынбасары.

Іс-шара соңында мектеп-лицей директоры Гүлнара Ахметова жаттығуды қорытындалап, қатысушылардың іс-қимылдарына баға берді.

Мектеп-лицейдің  алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі запастағы полковник Ниязтай Алкешев аталған іс-шарада көрсетілген білім мен дағдылардың мектеп оқушылары үшін өте пайдалы болғандығын  атап өтіп, оны  ұйымдастыруға практикалық көмек көрсеткен Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімі әскери қызметшілеріне алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);