Аталған ауданда суық сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстарға байланысты 2026 жылғы 11 маусымда су беру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
"Алматы Су" МКК мәліметінше, 11 маусым күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Алатау ауданындағы Мәдениет шағын ауданында орналасқан көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерге суық су беру уақытша шектеледі.
Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.
Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы ала аласыз: 274-66-66