AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыдағы корей театры 95-ші маусымын «Мұра» прем...

Алматыдағы корей театры 95-ші маусымын «Мұра» премьерасымен ашты

Мәдени Алматы Бүгін 12:01 59
Алматыдағы корей театры 95-ші маусымын «Мұра» премьерасымен ашты
Қайрат Қонысбаев

Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры 95-ші маусымын театрдың мерейтойына орай және Қазақстан корейлері тарихының 90 жылдығы қарсаңында сахналанған «Мұра» премьерасымен ашты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Мұра» спектаклі Лаврентий Сон мен Станислав Лидің «Жады» пьесасының желісі бойынша сахналанған және Қазақстан корейлері тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі – 1937 жылғы депортация мен жаңа жердегі өмірдің алғашқы жылдарын баяндайды. Оқиға кейіпкерлердің қалыптасқан өмірі бір ғана бұйрықпен астан-кестен болған сәттен басталады. Адамдар үйреншікті тұрмысынан және өз тағдырын таңдау мүмкіндігінен айырылады. Ұзақ та ауыр жол оларды Қазақстанға алып келеді. Бұл жер олардың алғашқы сынақтарына, ауыр еңбегіне, қасіреті мен жоғалтуларына, жаңа кездесулеріне куә болып, уақыт өте оларды өз аясына алған қазақ жеріне деген ыстық сезімнің қалыптасуына себеп болады.

Биыл 95-ші маусымын ашып отырған театрымыздың тарихы да осы оқиғалармен тығыз байланысты. Өйткені сол кезде депортацияланған корейлердің қатарында 1932 жылы Владивостокта құрылған Қиыр Шығыс өлкелік корей театры труппасының артистері де болды. Қатал әрі күрделі өмір жағдайларына қарамастан, театр өз тарихын қазақ жерінде жалғастыруға мүмкіндік алды. Театр әр жылдары Қызылорда қаласында, кейін Алматы облысында жұмыс істеді. Ал 1968 жылы Алматыға түпкілікті қоныс аударып, Республикалық корей музыкалық комедия театры мәртебесіне ие болды. 1982 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ал 2017 жылы театрға «Академиялық» мәртебесі берілді.

Корей түбегінен тыс жерде жұмыс істейтін жалғыз мемлекеттік, әрі әлемдегі тұңғыш мемлекеттік кәсіби ұлттық корей театры 95 жыл ішінде 300-ден астам спектакль мен концерттік бағдарлама ұсынып, оларды 10 миллионға жуық көрермен тамашалаған.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жапондық марафоншы Юки Каваучи мәреге жеткен соң Алматыдағы жаңа бағытқа баға берді

Бүгін 12:47

Тоқаев қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады

Бүгін 12:40

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Бүгін 12:22

Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені ескеруі керек

Бүгін 11:17

«Қазселденқорғау» мекемесі мониторинг жүргізіп, жағдайдың тұрақтылығын анықтады

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);