Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыдағы кәсіподақ көшбасшылары жаңа Конституция...

Алматыдағы кәсіподақ көшбасшылары жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді

Саясат 25.02.2026, 11:27 149
Алматыдағы кәсіподақ көшбасшылары жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді
Алматы әкімдігі

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің қаладағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесуі өтті. Диалог алаңы ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі ережелерін, сондай-ақ қоғамдық даму мен әлеуметтік саясат мәселелерін қарастырды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова қоғамдық талқылаудың маңызы мен ашық диалогтың рөліне ерекше назар аударды.

"Декларативтілік пен формализмге жол бермей, мазмұнды талқылау жүргізу аса маңызды. Конституция — қоғамдық үдерістерді бейнелейтін және мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат. Жаңа Конституцияны қабылдау мемлекеттік институттар мен құқықтық тетіктерді жетілдіруге бағытталған елдің эволюциялық дамуының заңды кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс", — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі жағдай негізгі мемлекеттік және қоғамдық жүйелерді жаңа сын-қатерлерге бейімдеуді талап етеді.

"Қазақстан жаһандық трансформациялар жағдайында дамып, технологиялық және цифрландыру салаларында тұрақты нәтижелер көрсетіп келеді. Қоғам әділеттілік мәселелеріне барған сайын белсенді әрі талапшыл бола түсуде, бұл институционалдық жаңаруға деген сұранысты қалыптастырады. Осындай жағдайда Негізгі заң жаңа шынайылық пен мемлекеттің стратегиялық даму міндеттеріне сай болуға тиіс", — деп атап өтті Нурия Ниязова.

Кездесу қатысушылары алдағы республикалық референдумды қолдайтындарын білдіріп, мемлекеттік бастамаларды талқылауға қоғамның кеңінен қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика