Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым тү...

Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен

Заң мен тəртіп Бүгін 15:26 25
Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда азаматтардың 3 мыңға жуық өтініші қаралып, еңбек заңнамасын бұзған 300-ден астам оқиға анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің жұмысын қорытындылаған кезде хабарлап айтты.

Департамент басшысының орынбасары Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, осы уақытта жеке және заңды тұлғалардан 2 969 өтініш келіп түсіпті. Содан 297 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 331 заң бұзушылық анықталған екен, оның басым бөлігі еңбек қатынасына қатысты болып шыққан.

«Бірінші тоқсанда біз азаматтардың еңбек құқығын қорғау бағытында үлкен жұмыс жүргіздік. 3 мыңға жуық өтінішті қарап, шамамен 300 тексеру өткіздік. Нәтижесінде 300-ден астам заң бұзушылық анықталды, олардың көпшілігі еңбекақы төлеуге байланысты. Бұл қызметкерлерді қорғау мәселесі әлі де өзекті екенін көрсетеді», — дейді Қасымбек Сайлауов.

Тексеру қорытындысы бойынша 202 нұсқама беріліп, оның 140-ы орындалған, бұл — 69,3%. 159 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдың жалпы сомасы 33,4 млн теңгеге жетті, оның 18,1 млн теңгесі өндірілді. Өндірісте 14 оқыс оқиға тіркеліп, 14 қызметкер зардап шеккен.

«Біз заң бұзушылықты анықтап қана қоймай, оны жоюға да көңіл бөлеміз. Айыппұлдың 60%-дан астамы өндірілді, нұсқаманың да басым бөлігі орындалды. Өндірісте жарақат алу жағын да бақылап отырмыз, өйткені қызметкерлердің қауіпсіздігі — басты басымдықтың бірі», — дейді ол.

Қазір 63 қызметкерге 31,6 млн теңге берешек болып қалған 4 кәсіпорын бар. Осындай ұйымның қатарында «Бегалы» жеке кәсіп иесі мен бірнеше жекеменшік мектеп те бар, олар да жалақы мен өтемақы жағынан қарыз.

«Еңбекақысын өтемеген кәсіпорындар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз нұсқама беріп, айыппұл салып, материалдарды мәжбүрлеп орындауға жібердік. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, ішінара төлем жасалып жатыр, еңбек дауына негіз жоқ», — деп атап өтті спикер.

Жалпы, осы кезеңде департамент жүргізген жұмыстың арқасында 45 кәсіпорында 44,1 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы өтеліп, 78 қызметкердің құқығы қорғалды. Былтыр 163 ұйымда 1 млрд теңгеден астам қарыз өтеліп, шамамен 2,9 мың қызметкердің алдындағы берешек жабылған.

Департамент түсіндіру жұмысын да жүргізіп жатыр: 183 адам қатысқан 5 кездесу өтіп, 150 азаматқа кеңес беріліп, прокуратура және кәсіподақтармен бірлесіп 32 көшпелі іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ үшжақты комиссия отырысы тұрақты өтіп, азаматтарды күнделікті қабылдап жатыр.

Мекемеде еңбек нарығындағы жағдайды бақылау мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі: Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Бүгін 16:06

Аштықты да, соғысты да көрген ғұмыр: ҰОС ардагері Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолы

Бүгін 15:59

Алматының Наурызбай ауданында батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды

Бүгін 15:33

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Бүгін 15:15

Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Бүгін 14:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика