AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертіне ауқымды ф...

Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертіне ауқымды фуд-корт ашылады

Барлығы 09.08.2025, 20:49 719 Сұлу
Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертіне ауқымды фуд-корт ашылады
Алматы әкімдігі

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті кезінде көрермендерді тамақтандыруға дайын ауқымды фуд-корт жұмыс істейді.

Атап айтқанда, Black Star Burger, Hot Point, Ас болсын, Chips Pips, Теплица, Hot dog time және басқа да тамақтану орындары бар. Олар қонақтарға сағат 14:00-ден түнгі 00:00-ге дейін сапалы әрі алуан түрлі тағам ұсынады.

Келушілер фирмалық бургерлерді, хот-догтарды, лимонадтарды және фуд-корттың әртүрлі қатысушыларынан басқа да тағамдарды тата алады. Толық мәзірге түрлі сусындар мен street food форматындағы жеңіл тағамдар кіреді.

“Біз J.Lo жанкүйерлері үшін керемет ас мәзірін дайындадық, – дейді ұйымдастырушылардың өкілі. Мобильді тамақтану орындары келушілерге барынша ыңғайлы орналасқан және осындай ауқымды іс-шарада жаппай қызмет көрсетуге толық дайын”.

Фуд-корт 14:00-де ашылып, 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл көрермендерге Орталық стадион аумағында концерт басталғанға дейін де, аяқталғаннан кейін де жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар логистиканы ойластырып, азық-түлік қорын көбейтті және арнайы осы шара үшін қосымша қызметкерлерді жұмылдырды.

Барлық фуд-тракт көрермендерге қызмет көрсетуге толық дайын. Мұндай ауқымдағы фуд-корт Алматыда музыкалық іс-шарада алғаш рет ұйымдастырылуда. Келушілер сапалы тағамды стадион аумағынан шықпай-ақ, шоу көрінісін өткізіп алмай, тамашалай алады.

Анықтама: Дженнифер Лопестің концерті 2025 жылдың 10 тамызында Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы – сағат 20:00.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Джей Ло #Концерт #фудкорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);