Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы BRT: тұрғындардың мобилділігін жақсарты...

Алматыдағы BRT: тұрғындардың мобилділігін жақсартып, қала экологиясына оң әсерін тигізеді

Әлеумет 22.01.2024, 09:49 1,161
Алматыдағы BRT: тұрғындардың мобилділігін жақсартып, қала экологиясына оң әсерін тигізеді
almaty-akshamy.kz

BRT құрылысы аясында Алматыда қоғамдық көліктің сапасын арттыру бойынша өзінің ойын Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары Дана Ахатова айтты, деп хабарлайыд almaty-akshamy.kz


Ол маңызды көлік қатынасының күре жолына айналған Райымбек даңғылы қаланың шығыс және батыс бағыттарын байланыстыратынын атады. Бүгінде бұл даңғылда 88 маршрут бойынша 1300-ден астам автобус жүреді, күн сайын 730 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл қаланың жалпы жолаушылар ағынының жартысына жуық.


Алматы агломерациясының орталығы ретінде Алматы – қала маңындағы аймақтарды ескере отырып, Қонаев қаласын, Gate city және көптеген аудан орталығын қамтиды. Д. Ахатованың пікірінше, BRT үшін ұсынылған арнайы жолақ жолаушылар үшін жылдам әрі ыңғайлы сапарды қамтамасыз етіп, жолға жұмсалған уақыт пен қозғалыс аралығын қысқартады. Бұл қала тұрғындарының мобилділігін жақсартып, қала экологиясына оң әсерін тигізеді.



«Қаланың автобус маршруттарының 40%-дан астамы Райымбек даңғылы арқылы жүреді, бұл аталған инфрақұрылымның қоғамдық көлік үшін маңыздылығын көрсетеді. Райымбек даңғылына BRT енгізу қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруды көздейді, бұл өз кезегінде халықты қоғамдық көлікке отыруға ынталандыруға тиіс», - деді Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары. 



Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімінің 2030 жылға дейінгі Алматы қаласының көлік қаңқасының шебер жоспарын бекіткені туралы хабарланған болатын. Шебер жоспар Алматының көлік инфрақұрылымын жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Ол Алматының даму бағдарламасы мен 2040 жылға дейінгі Бас жоспар аясында қаланы дамытудың негізгі перспективаларына сәйкес әзірленді. Көлік қаңқасының пилоттық дәлізімен Райымбек даңғылының батысында Абай көшесінен («Барлық» базарының маңайы) Пушкин көшесіне дейінгі ұзындығы 17 км учаскесі таңдалды. Ол 2024 жылдан жүзеге асырыла бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #Ахатова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика