Алматы қалалық Тоғызқұмалақ федерациясының өкілдері жасөспірімдерді түзеу мекемесінде болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Меймандар Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 орташа қауіпсіздік мекемесінің басшылығымен кездесті. Федерацияның тәрбиелік және зияткерлік бағыттағы бастамаларын талқылады. Жаттықтырушылар ұлттық ойынымыздың ерекшелігін таныстырып, жасөспірімдермен тәжірибелік ойын өткізді. Кездесу қорытындысында мекемеде тоғызқұмалақ кабинетін ашу туралы шешім қабылданды.
“Тоғызқұмалақ – тек ұлттық ойын ғана емес, ол ойлау қабілетін дамытады, сабыр мен тәртіпке тәрбиелейді. Жас ұрпақтың дұрыс бағыт алып, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына осындай игі бастамалардың маңызы зор”, - деді Алматы қаласы Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Руслан Қалиоллаев.
Федерация өкілдері мекемеге жасөспірімдердің игілігі үшін деп екі тоғызқұмалақ тақтасын сыйлады.