AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы балалар колониясының мамандары студентт...

Алматыдағы балалар колониясының мамандары студенттерге заң тақырыбында дәріс өткізді

Заң мен тəртіп 10.02.2025, 17:08 700
Алматыдағы балалар колониясының мамандары студенттерге заң тақырыбында дәріс өткізді
Сурет: Polisia.kz

Бүгінде жастарға құқықтық тәрбие берудің олардың болашақта құқық бұзушылықтар мен қылмысқа ұрынбай, өмірден өз орындарын табуларына ықпал ететіні сөзсіз.

 Осыған орай Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №11 мекемесінің мамандары Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері арасында "Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі" атты тақырыпта дәріс өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сабақтың мақсаты – жеткіншектердің құқықтық сауатын арттыру, Мемлекет басшысының елімізде "Заң және тәртіп" қағидатын біржола орнықтыру туралы тапсырмасын орындауға үн қосу. Сабақ кезінде колледж студанттері алдында Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі директорының орынбасары Күнімай Омарова, №11 мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы Азамат Канафин, мекеме бастығының кезекші көмекшісі Анар Мустафаев және режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Азамат Молдабек сөз сөйлеп, балаларға құқықтық жауапкершіліктің маңызы туралы әңгімеледі.

 Сөз сөйлегендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында да заң мен тәртіпті сақтаудың еліміздің экономикасын арттыруға тигізетін оң ықпалы жайлы айтқандарын балаларға жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар олар студенттердің сұрақтарға жауап берді


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар колониясы #мамандар #Дәріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика