AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін...

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Алматы 18.04.2026, 17:36 302 Сұлу
Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті
Ханзада Озехан

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Медеу, Әуезов және Алатау аудандарына қарасты он тоғыз мектептен 150-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Болашақ түлектер жоғары әскери оқу орнының тыныс-тіршілігін өз көздерімен көрді.

Меймандар оқу аудиториялары мен кафедраларды аралап қана қоймай, институттың материалдық-техникалық базасымен жан-жақты танысты. Тренажерлық кешендер мен далалық байланыс тораптарын көріп, технопарктегі ғылыми жобалармен танысты. Сонымен қатар электронды тирде мергендік қабілеттерін сынап, автоматты уақытқа бөлшектеп-жинақтау бойынша да сынаққа түсті.

Курсанттардың күнделікті өмірі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар казарманы, асханадағы тамақтану жүйесін көріп, әскери өмірдің ішкі тәртібімен жақынырақ танысты.

Әскери институт бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов оқушылармен ашық әңгімелесіп, оқу орнының ғылыми жетістіктері мен курсанттардың спорттағы, білімдегі табыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ әскери қызметтің мүмкіндіктері жайлы сұрақтарға жауап берді.

Курсанттар да белсенділік танытты,олар өз тәжірибелерімен бөлісті және таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып берді.

"Бізге осы әскери институтта өте қатты ұнады. Мұнда қазіргі заманға сай, сұранысқа ие мамандықтар оқытылады екен. Оқу үрдісі қызықты өтетіні анық. Бұл экскурсия менің болашақ мамандығымды таңдауыма өз әсерін берді", — деді №33 мектеп-лицейінің оқушысы Абдулхафиз Дүйсенбек.

Айта кетейік, мұндай кәсіптік бағдар беру шараларын өткізу аталған институтта дәстүрге айналған. Бұл формат талапкерлерге әскери жоғары оқу орнындағы білім беру ерекшеліктерін жан-жақты түсінуіне мүмкіндік беріп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алматы әскери институты #ашық есік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Бүгін 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Бүгін 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Бүгін 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);