Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы баста...

Алматыда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Барлығы 26.11.2025, 11:48 474
Алматыда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты жыл сайынғы республикалық науқаны аясындағы алғашқы акция өтті.

Бұл басқосу студенттерді, түрлі сала мамандарын және құқық қорғау органдарының өкілдерінің басын қосып, зорлық-зомбылықтан қорғану, өзіңді және жақындарыңды қауіптен сақтау тақырыбын талқылауға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Акцияны Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ, Алматы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, сондай-ақ қалалық полиция департаменті ұйымдастырды.

Іс-шара Нархоз университетінде өтіп, 100-ге жуық адам қатысты. Ашық диалог барысында студенттер сұрақ қойып, пікір алмасты. Ал мамандар дағдарыс жағдайында дұрыс шешім қабылдау жолдарын, сондай-ақ қандай жағдайда қай жерден көмек сұрауға болатынын түсіндірді.

Акция аясында Полиция департаментінің қызметкерлерімен өткен талқылауларда жастарға зорлық-зомбылық қатері төнген кезде қолданылатын нақты қорғану тәсілдері мен әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлер кеңес беріп, жастарға сауатты қарым-қатынас орнату, алғашқы қауіп белгілерін байқау және қауіпті жағдайды жасырмай баяндау жөнінде ұсыныстар айтты. Қатысушыларға тәулік бойы қолдау көрсететін қызметтер туралы да ақпарат айтылды. 

Жастар кездесуге белсенді қатысып, мұндай іс-шаралардың жеке қауіпсіздікке қатысты мәселені жақсырақ түсінуге септігін тигізетінін атады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоғары оқу орындарындағы осындай акциялар жастардың құқықтық сауатын арттырып, өзара құрметке негізделген қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» республикалық науқаны 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Алматыда кездесу, тренинг, диалог, акция мен көрме сынды 20-дан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл іс-шараларда әйелдер мен балаларды қорғау мәселесіне, сондай-ақ жастар арасында зорлықсыз мінез-құлық мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі