AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы ө...

Алматыда Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті

Әлеумет 21.04.2026, 15:18 217 yakiya
Алматыда Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті

2026 жылғы 20 сәуірде КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі» Құзырет орталығында «Алматы қаласы жастарын ақпараттандырудың инновациялық құралдары мен әдістері» тақырыбында қалалық Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. Отырысқа Жас сайлаушылар клубының мүшелері, аумақтық комиссия өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 40-тан асты.

Қатысушыларды Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова құттықтап, жастар арасында электоралды мәдениетті арттыру және ақпараттандырудың заманауи тәсілдерін енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың негізгі бағдарламасы аясында жастарды ақпараттандырудың инновациялық құралдарын әзірлеу және қолдану мәселелері қарастырылды. Жиында Әуезов ауданы Жас сайлаушылар клубының төрағасы Бауыржан Маханбет баяндама жасады, ол тиімді коммуникациялық шешімдерді қалыптастырудың практикалық тәсілдерін таныстырды.

Сонымен қатар қатысушылар жастардың электоралды процестерге тартылуын арттыру, ақпараттандырудың нысандары мен әдістері, сондай-ақ жас азаматтардың сайлау науқандарына қатысуының заманауи стратегиялары мәселелерін талқылады. Өз ұсыныстары мен бастамаларын аудандық клуб өкілдері – София Полякова (Алмалы ауданы), Иманжан Сыздық (Медеу ауданы) және Гүлназ Жексен (Наурызбай ауданы) ұсынды.

Талқылау барысында қатысушылар жастар мен сайлау органдары арасындағы диалогтың маңыздылығын, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен жастар бастамаларын іске асыруға арналған алаңдарды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аумақтық сайлау комиссиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Бүгін 17:53

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Астанада эко-челлендж басталды

Бүгін 17:42

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);