Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жаста...

Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Мұны білген жөн Бүгін 10:54 44
Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті
ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматы қаласында Отан қорғаушылар күніне орай «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аясында, сонымен қатар тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде қаза тапқан ІІМ Ішкі әскерлері (қазіргі Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерінің ерлігін ұлықтау мақсатында өткізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиын аясында ұйымдастырылған әскери-спорттық сайысқа қаланың сегіз ауданынан орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. Жалпы саны 15 команда әскери даярлық пен дене шынықтыру деңгейін жан-жақты көрсету мүмкіндігіне ие болды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, шараның ерекше маңызын атап өтті.

- Жастар мен жасөспірімдердің әскери өмірге қызығушылықтарын арттыруда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жиынының маңызы айтарлықтай зор. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде, олардың болашақта Отан қорғауға әзірлігін пысықтауда, жалпы, әскери саланың тәртібі мен жинақылығына бейімдеуде таптырмас құрал, әрі ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Яғни, жас патриоттың бейнесін қалыптастыруда әскери-патриоттық жиынның алатын орны ерекше, - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бас тәрбиешісі.

Сайыс бағдарламасына спорттық және әскери-қолданбалы көпсайыс элементтері енгізілді. Жастар белтемірге тартылу, денені жерден көтеру, газтұмылдырықпен жүгіру, қаруды толық емес бөлшектеу және жинау, оқжатарды жабдықтау және командалық арқан тарту сияқты бірқатар тапсырмаларды орындады.

Командалық есеп нәтижелері барлық кезеңдер бойынша көрсетілген уақыт көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде анықталды. №136 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» командасы жиынның жеңімпазы атанды. Екінші орынды М.Ломоносов атындағы №38 қазақ-ресей гимназиясының «Қаһарман» командасы, ал үшінші орынды М.Жұмабаев атындағы №137 мектептің «Жас сарбаз» командасы иеленді.

Жеңімпаздар Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың атынан кубог және дипломдарымен марапатталды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қаласы Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл іс-шара жастардың патриоттық рухын, ерлік қасиеттерін дамытуға және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бүркіт #«Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныбы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 35 абаттандыру жобасы қолға алынып, жаңадан 38 аула ашылмақшы

Бүгін 12:26

Наурызбай ауданында әлеуметтік осал топтағыларға 5,5 мыңнан астам пәтер беріліп, 3 мың адамға АӘК көрсетілді

Бүгін 12:22

Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш әлеуметтік нысан салынады

Бүгін 12:19

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алғашқы спорт нысанының құрылысы басталды

Бүгін 12:09

Алматының Наурызбай ауданында биыл 100 шақырымдай инженерлік желі салынады

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика