конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жарты жылда 274 демалыс күнгі жәрмеңке өт...

Алматыда жарты жылда 274 демалыс күнгі жәрмеңке өтті

Алматы Бүгін 09:55 44 Дина
Алматыда жарты жылда 274 демалыс күнгі жәрмеңке өтті
Алматы әкімдігі

2026 жылдың алғашқы алты айында Алматыда 274 демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 500 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы кезеңде шамамен 13 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылды.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастыратын жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімдерін делдалсыз, тікелей және қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді. Сатып алушыларға көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер мен басқа да тауарлардың мыңнан астам түрі ұсынылады.

Жәрмеңкелерге Алматы қаласы, Алматы облысы және еліміздің өзге өңірлерінен 300-ден астам фермерлік шаруашылық, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлер тұрақты түрде қатысады. Бұл формат отандық өндірушілерді қолдауға және азық-түлік бағасының қолжетімді деңгейде сақталуына ықпал етеді.

Қазіргі уақытта демалыс күнгі жәрмеңкелер қаланың бес ауданында – Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында өткізіледі.

Сонымен қатар «Алматы» ӘКК сауда алаңдарын жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде Бостандық ауданындағы «Қазақфильм» шағынауданында және Әуезов ауданында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді.

Жаңғырту жұмыстары аясында аумақты көркейту, сауда павильондарын жаңарту, санитарлық инфрақұрылымды жақсарту, инженерлік желілерді жүргізу және нысандарды қолданыстағы заңнама талаптары мен Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкестендіру көзделген.

Алдағы уақытта жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен қаланың барлық сегіз ауданында қолға алынады.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкелердің мекенжайлары:

* Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағынауданы;

* Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

* Медеу ауданы – Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;

* Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы);

* Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды мен Марат Сұлтанғазиев Алматы агломерациясы жергілікті кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 10:36

Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Бүгін 10:27

Қазақ медиа қауымдастығы мен Түркі әлемі радио және тележурналистер қауымдастығымен меморандумға қол қойды

Бүгін 10:03

Екібастұзда ер адамды өлтірген әйел 17 жылға сотталды

Бүгін 09:40

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);