AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа тұрғын үй кешенін жобалағанда не еск...

Алматыда жаңа тұрғын үй кешенін жобалағанда не ескеріледі

Алматы Бүгін 12:02 32
Алматыда жаңа тұрғын үй кешенін жобалағанда не ескеріледі
РСК Алматы

Қала құрылысының параметрі мен инфрақұрылымдық жүктеме де назарға алынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы жаңа тұрғын үй кешенінің параметрін бас жоспар, аумақты жан-жақты жоспарлау жобасы, қала құрылысы регламенті, сейсмикалық жағдай мен қалалық инфрақұрылымның мүмкіндігін ескере отырып айқындайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алимсеитов осылай деді.

Оның айтуынша, жобаларды қарау кезінде тұрғын үй ғимаратын нақты жер учаскесіне орналастыру мүмкіндігі ғана емес, нысанның қала құрылысы құжаттамасы мен аумақты дамыту талабына сәйкестігі де қоса бағаланады.

«Ең алдымен, жоба бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес болуы тиіс. Бұл жер учаскесінің нысаналы мақсатына, нысанның параметрлеріне, қабаттылығына, ғимараттың орналасуына, кіреберіс жолдарға, инженерлік қамтамасыз ету мен абаттандыруға қатысты. Алматы үшін сейсмикалық жағдайлар, табиғи ландшафтты, тарихи құрылыс пен қаланың сәулеттік келбетін сақтау да ерекше маңызға ие», – деп атап өтті Данияр Алимсеитов.

Басқармада атап өткендей, қала құрылысы жоспарлауының негізін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспары, аумақты жан-жақты жоспарлау жобалары мен қала құрылысы регламенті құрайды. Функционалдық аймаққа байланысты аумақтар үшін құрылыстың тығыздығы, қабаттылығы мен нысандардың биіктігі бойынша тиісті параметрлер белгіленеді.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысының дамуы аумақтың әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуімен өзара байланыста қарастырылады. Аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында мектептерге, мектепке дейінгі ұйымдарға, денсаулық сақтау нысандарына, саябақтарға, алаңқайларға, көше-жол желісі мен инженерлік коммуникацияларға арналған аумақтар қарастырылады.

Қолданыстағы қалалық талапқа сәйкес, жаңа тұрғын үй құрылысы үшін халықтың санын ескеріп, әлеуметтік нысанмен қамтамасыз ету көзделеді. Атап айтқанда, жаңа құрылыстың әр мың адамына кемінде 100 орын мектепке дейінгі ұйым мен 180 мектеп орны, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық ұйымдармен тиісті деңгейде қамтамасыз ету қарастырылады.

«Тұрғын үй көлемінің ұлғаюы тиісті инфрақұрылымдық жүктеменің артуымен қатар қарастырылуы тиіс. Сондықтан аумақты жоспарлау кезінде халықтың перспективалық саны, инженерлік желілер мен жолдардың мүмкіндіші, көлік қолжетімділігі мен әлеуметтік нысандардың болуы ескеріледі», – деді спикер.

Жобаларды келісу кезінде қаланың сәулеттік келбетіне де ерекше назар аударылады. Қасбеттердің шешімі, олардың қолданыстағы құрылысқа сәйкестігі, абаттандыру мен көгалдандыруға қойылатын талап бағаланады. Тарихи аумақтар үшін тарихи құрылыстың құрылымын, ауқымын, пропорциялары мен биіктігін сақтауға байланысты қосымша талап қолданылады. Сондай-ақ Іле Алатауы панорамасының визуалды қабылдануы ескеріледі.

Бұл ретте абаттандыру тұрғын үй кешені жобасының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Тұрғын үй құрылысының құрамында аула аумақтары, демалыс орындары, балалар және спорт алаңы, көгалдандыру, жаяу жүргіншілер байланыстары, кіреберіс жолдар мен автотұрақ шешімі қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз жаяу жүргіншілер ортасын қалыптастыру көзделеді.

Жеке бөлім құрылыс кезеңінде тұрғын үй сатып алатын азаматтарды қорғау мәселесіне арналған. Данияр Алимсеитовтың айтуынша, сатып алушыларға жарнамалық материалдар мен шарт талаптарын ғана емес, үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға заңнамада көзделген негіздердің бар-жоғын да тексеру керек. Тиісті жағдайда құрылыс салушы мен уәкілетті компанияда заңнамада көзделген рұқсат беру негіздері немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі туралы шарт болуы тиіс.

Бұл ретте қала құрылысы жоспарлау мен құрылыс жұмысын тікелей бақылау саласындағы өкілеттіктер нақты ажыратылған. Сәулет және қала құрылысы басқармасы тиісті кезеңде жобалық шешімнің қала құрылысы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді, ал құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуді бақылау мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының құзыретіне жатады.

«Қаланың бүгінгі негізгі тәсілі – аумақтарды кешенді дамыту. Жаңа тұрғын үймен бірге қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымның қарастырылуы, Алматының табиғи және сәулеттік келбетінің сақталуы, сондай-ақ құрылыс параметрлерінің бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес болуы маңызды», – деп атап өтті Данияр Алимсеитов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді

Бүгін 12:21

Алматыда жаңа тұрғын үй сатып алушылардың құқығы қорғалады

Бүгін 12:13

Қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Бүгін 12:08

Энергетика вице-министрі Қашағандағы өндірістік нысандармен танысты

Бүгін 12:06

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Бүгін 11:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);