AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкес...

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Әлеумет 10.09.2026, 17:03 375
Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Алматы әкімдігі

Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 14:00-де Алматы қаласында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара Арбатта, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнату, қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру.

Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 100 жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орны бойынша 2 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, еңбек жағдайлары, еңбекақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде толық мәлімет ала алады.

Жәрмеңке барысында келушілерге жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік оқыту бағдарламалары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кеңестер беріледі.

Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бірнеше жұмыс берушімен бірден сұхбаттасып, өз біліміне, тәжірибесіне және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес келетін жұмыс табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қатысу тегін. Жұмыс берушілермен кездесуді тиімді өткізу үшін қатысушыларға өздерімен бірге түйіндеме алып келу ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 15 қыркүйек

Қатысушыларды тіркеу: 13:00

Жәрмеңкенің басталуы: 14:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

Бүгін 19:55

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Бүгін 17:37

Республика күніне зияткерлік сый: Алматы мектебінің 13 оқушысы SAT-тан жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 15:02

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Бүгін 13:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін 12:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);