Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда заңсыз сауда орындары жаппай бұзу жалғасы...

Алматыда заңсыз сауда орындары жаппай бұзу жалғасып жатыр

Заң мен тəртіп 10.02.2025, 18:45 917
Алматыда заңсыз сауда орындары жаппай бұзу жалғасып жатыр
Алматы әкімдігі

Үш күн ішінде 211 заңсыз сауда орны алынып тасталды.

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік қордың жерінде орналасқан рұқсатсыз салынған сауда орындары мен стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл шараның мақсаты – ретсіз саудамен күрес және қала кеңістігіндегі қауіпсіздікті арттыру.

Үш күн ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия 211 заңсыз сауда орнын (102 дүңгіршек және 109 күш өлшегіш) бұзып, 270 кәсіпкерге ескерту хат берілді.

Айта кету керек, қызмет түріне қарамастан, барлық заңсыз сауда нысандары бұзылуда. Әсіресе, көше тағамдарын сататын орындарға ерекше назар аударылуда. Мұндай бірнеше нысан, атап айтқанда, Абай даңғылындағы мемлекеттік цирк маңында сүрілді. Аталған сауда орындары инженерлік желілерге, электр энергиясына қосылмаған, көріктендіру ережелерін бұзады. Қала тұрғындары мұндай жерлерде тамақ сатып алу денсаулыққа қауіпті екенін айтуда.

«Заңсыз дүңгіршектер көбінесе арықтардың үстіне қойылады, санитарлық норма сақталмаған, дәретхана жоқ. Олар мектептердің, балалар жүретін орындардың жанында орналасқан. Кейін тамақтан улануы ғажап емес», – дейді қала тұрғыны Евгений Богачев.

Қаланың мәслихат депутаты, көріктендіру мәселелерімен белсенді айналысып жүрген Тимур Елеусізов бұзылған сауда орындарының барлығы электр желілеріне заңсыз қосылғанын, бұл қаланың инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіретінін атап өтті.

«Бұл қаланың электр желілеріне артық жүктеме түсіреді. Олардың қызметін реттеу үшін осындай бастамаларды қолдау қажет», – деді ол.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің 2024 жылы 27 тамыздағы №3/469 қаулысына сәйкес, қала аумағында 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген.

Кәсіпкерлік қызметін заң аясында жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы жүгіне алады.

Жалпы, Алматыда барлығы 500-ге жуық заңсыз нысан бұзылмақ. СЕСН-ды анықтау және сүру жұмыстары жалғасады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сауда #заңсыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Кеше 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Кеше 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика