AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда заңсыз орнатылған тағы үш дүңгіршек сүріл...

Алматыда заңсыз орнатылған тағы үш дүңгіршек сүрілді

Әлеумет 27.06.2023, 08:58 1,131
Алматыда заңсыз орнатылған тағы үш дүңгіршек сүрілді
almaty-akshamy.kz

Орбита-4 шағын ауданындағы Мұстафин мен Біржан көшелерінің қиылысында заңсыз орнатылған үш дүңгіршек сүрілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қаланың сыртқы келбетіне нұқсан келтіретін, абаттандыруды бұзатын, тротуарлар мен жол учаскелеріне қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (ССН) жою мақсатында кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қажетті шаралар қабылдауда.


Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметкерлері сауда жасауға рұқсат құжаттарының жоқтығын анықтады. Заңсыз орнатылған сауда нысандарының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін кәсіпкерлер объектілерді өздері сүре бастады. Меншік иелері өздері бұзбаса, заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандары мәжбүрлі түрде сүрілетін болады.



Әдетте, заңсыз орнатылған дүңгіршектер абаттандыру ережелерін сақтамай, қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларды бұза отырып, тротуарлар мен жол жиектерінде орналасқан.


Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет «Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда нысандарын орнату ережелері» қабылданды, онда ссн стационарлық емес сауда нысандарын орнату тәртібі нақты айқындалған. Ережелермен толығырақ https://adilet.zan.kz/rus/docs/V23R0001707 сілтеме арқылы танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дүңгершектер #қала #келбеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);