AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда заңсыз келімсектерді тексеруде

Алматыда заңсыз келімсектерді тексеруде

Заң мен тəртіп 13.10.2021, 05:17 1,359
Алматыда заңсыз келімсектерді тексеруде
Сурет: Polisia.kz

Полиция екі күнде 340 келімсекті жауапқа тартыпты.


Алматы полициясы заңсыз келімсектерге қатысты іс-шара жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жедел алдын алу іс-шарасы шаһарда заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ қаладағы көші-қон арналарын тоқтатуға бағытталған. Іс-шара аясында полицейлер келімсектердің уақытша тұратын жерлерін, құрылыс алаңдарын, жертөлелерді, сондай-ақ азаматтардың жаппай жиналатын жерлерін – базарларды, теміржол маңындағы аумақтарды, көлік тұрақтарын, саяжайлар мен өндірістік аймақтарды тексеруде.



«Екі күндік рейд кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 507 құқық бұзушы анықталды және жауапкершілікке тартылды, олардың 340-ы - шетел азаматтары. Сот шешімімен көрші мемлекеттердің 44 азаматы елден шығарылды», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.



Сондай-ақ, спикер шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін Қазақстанның 145 лауазымды және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.


Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 22 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #келімсек #полиция #шетелдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);