Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда WorldSkills Almaty-2025 аймақтық чемпион...

Алматыда WorldSkills Almaty-2025 аймақтық чемпионаты басталды

Әлеумет 09.04.2025, 11:18 748
Алматыда WorldSkills Almaty-2025  аймақтық чемпионаты басталды
Cурет: 24.kz

Бұл шара WorldSkills International халықаралық стандарттары негізінде ұйымдастырылды.

Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және техникалық-кәсіптік білім алып жатқан жастардың кәсіби дағдысын дамыту.

Сайысқа қаладағы колледждерде оқитын студенттер қатысып, кәсіби шеберлігін түрлі бағыттар бойынша көрсетеді.

Ал бағалау үшін 250-ден астам кәсіби сарапшы мен жұмыс беруші тартылды. Олар қатысушылардың тапсырмаларды орындау сапасы мен кәсіби стандарттарға сәйкестігін бағалайды. 

Жеңімпаздар 2025 жылдың қарашасында Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық чемпионатына қатысу құқығын алады. Сондай-ақ, қыркүйекте Данияның Хернинг қаласында өтетін EuroSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға жолдама алады. WorldSkills Almaty-2025 –  жас мамандардың қабілетін шыңдап, тәжірибе жинайтын және жаңа мүмкіндіктер ашатын бірегей алаң.

Айта кету керек, биылғы чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі – Алматы қаласының 9 және 11-сынып оқушылары арнайы шақырылды. Оқушылар кәсіптік бағыт-бағдар алып, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға мүмкіндік алады. 

Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова және Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бастама еліміздің экономикасының негізін құрайтын техникалық және кәсіптік бағыттағы мамандықтарға көрсетілген зор қолдау мен жоғары құрметтің айғағы болып отыр. Осыған орай, біз WorldSkills Almaty-2025 аймақтық чемпионатын жаңа форматта ұйымдастырып отырмыз. Биыл чемпионат ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны артты.  Чемпионатқа 53 құзырет, яғни мамандық бағыты бойынша 350 жас маман қатысуда.  Ертең чемпионат ресми түрде басталады. Ал бірнеше күннен кейін біз еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласындағы үздік жас мамандардың есімдерін анықтаймыз. Жеңімпаз атанған алматылықтар Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатында бақ сынайды. Ал ең үздіктерге халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігі беріледі. Чемпионат жыл сайын заманауи және сұранысқа ие мамандарды даярлаудың қозғаушы күшіне айналып келеді. Шаһарымыздың чемпионатында жаңа жұлдыздардың жанатынына  және олардың жарқын жеңістерінің куәсі болатынымызға кәміл сенемін», – деді Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#WorldSkills International #Алматы #аймақтық чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика