ffin.kz

Алматыда Vision Zero бағдарламасы аясында 34 бағдаршам нысаны орнатылады

Алматыда Vision Zero бағдарламасы аясында 34 бағдаршам нысаны орнатылады almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-таныстырылым барысында қалада ЖКО-ның, апаттарда жарақат алғандар мен қаза болғандардың санын төмендетуге бағытталған Vision Zero бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біз қауіпсіз, қолжетімді әрі жайлы көше инфрақұрылымын құруға тырысамыз. Негізгі басымдық – жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі», – деді Б. Сағынтаев. 


Бағдарлама аясында 2020 жылы 316 учаскенің, оның ішінде 120 мектептің жолына қисық төсемдер орнатылды. Сондай-ақ, 18 трапеция тәрізді өткелдердің 16-сы мектеп алдына қтйылды, 15 бағдаршам орнатылды, 115 реттелмеген жаңа жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды, 10 қауіпсіздік аралы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін жерасты өткелдерінің жанына бағдаршамдары бар 5 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі жасалады. 



Биыл бағдарлама жалғасын тапты. 20 қауіпсіздік аралын жабдықтау, 34 бағдаршамды, 28 жаяу жүргіншілер бағдаршамын орнату, жарық шамдары қойылған 30 реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру жоспарланған. 


Мектеп алдында трапеция тәрізді 20 өткел ұйымдастыру жоспарлануда. Велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыру үшін қаланың велосипед жолдарының бойына 2000 жол бөгегіштері (боллар) орнатылады. 



Алматыда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу мен бақылаудың заманауи технологияларын енгізу жалғасуда. Өткен жылы «Сергек» камераларының саны 464 кешенде 2,3 мыңнан астам бірлікке жеткізілді. 


Камералар өздерінің тиімділігін көрсетті: жолдардағы өлім-жітім 48%-ға, жазатайым оқиғалар саны 29%-ға азайды. Өткен жылы камералардың көмегімен 900 мың құқық бұзушылық анықталды. 2021 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 600 мыңнан астам бұзушылықтар тіркелді. 


Жүйе қылмыстық құқық бұзушылықтарды шешуде белсенді қолданылады. Осылайша, «Сергек» камераларының көмегімен 50-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық ашылды. 


Биыл «Сергек» жобасын 766 кешенге, қиылыстар мен сызықтық учаскелерде әрқайсысы 383 кешенге, жалпы саны 5 мыңнан астам камераға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53