AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Венгрияның ансамблі өнер көрсетті

Алматыда Венгрияның ансамблі өнер көрсетті

Мәдени Алматы 26.09.2024, 18:52 1,037 Bakyt
Алматыда Венгрияның ансамблі өнер көрсетті
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев
 

Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінде Bere banda атты студенттік ұжымның концерті өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кеш қонақтары дәстүрлі венгр музыкасын тамашалады. Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Саболч Карой Сёке мырза концертте сөз сөйлеп:

«Қазақстан мен Венгрияны көптеген нәрсе байланыстырады. Біздің басты мақсатымыз – мәдени дәстүрлерді сақтау және екі ел арасындағы достықты нығайту. Музыканттарымызды жылы қабылдап, жүректеріңізде сақтаңыздар», – деді.

Ансамбль мүшелері вольта, лютня, электрондық кларнет, скрипка, флейта және аккордеон аспаптарымен камералық композициялар орындады. Олардың өнерін тыңдауға әр жастағы адамдар, оның ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен оқытушылары келді.

Кеш барысында музыканттар тек концерт беріп қана қоймай, ескі музыкалық аспаптарды қалпына келтіру жайлы айтып, алматылық әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, жиналғандар «Қазақстанның көшпенділері: өткен және қазіргі» көрмесін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бұл көрмені Венгрияда өткізу жоспарланған, оның мақсаты — елдер арасындағы тарихи байланыстарды одан әрі нығайту.

Қазіргі Венгрия аумағында XIII ғасырдың бірінші жартысында Торғай даласынан көшіп барған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары тұрады. Сондықтан қазақстандық және венгр ғалымдары ортақ тарихи тамырларды зерттеуге ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл байланыстардың заманауи куәгері ретінде Будапешттегі Абай ескерткіші мен Астана көшесінің ашылуы айтуға тұрарлық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Венгрия #Қазақстан #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29

Қазақстанда электромобильдерге жаңа түсті нөмір берілуі мүмкін

Бүгін 10:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);