Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үздік білім беру ұйымы марапатталды

Алматыда үздік білім беру ұйымы марапатталды

Әлеумет 06.10.2023, 12:32 1,027
Алматыда үздік білім беру ұйымы марапатталды
Суретті түсірген - Д.Исаев

Алматыда «Үздік білім беру ұйымы» байқауының жеңімпазы марапатталды. Алмалы ауданындағы С.А.Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей ең жоғары балл (1671,43) алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жеңімпазға білім беру ұйымын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту және білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы әкімінің 56 млн теңге көлеміндегі гранты берілді. Байқау комиссиясының құрамына қала әкімінің орынбасары, Білім басқармасының өкілдері, білім беру ардагерлері, республикалық білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың директорлары және т.б. кірді.


2023 жылы байқау екі кезеңде өткізілді: аудандық кезең – 26 сәуірден 5 мамырға дейін және қалалық кезең – 10 мамырдан 30 маусымға дейін. Бірінші кезеңде аудандардан сегіз орта білім беру ұйымы ұсынылды. Олардың ішінде: Алатау ауданының №180 жалпы білім беретін мектебі; Алатау ауданының № 201 мектеп-гимназиясы; Алмалы ауданының С.А.Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицейі; Әуезов ауданының А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы; Бостандық ауданының Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі; Жетісу ауданының Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицейі; Наурызбай ауданының №174 мектеп-гимназиясы; Түрксіб ауданының №198 жалпы білім беретін мектебі. 


Жеңімпаз бірнеше критерий бойынша таңдалды. Олардың ішінде: технологияларды оқу үдерісіне енгізе білу, мұғалімдердің өзін-өзі жүзеге асыруына жағдайдың болуы және оқушылардың оқуда жоғары көрсеткіштері. Әр критерий үшін оқу орны балл алды. 


«Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауының жеңімпазын салтанатты марапаттау 2023 жылғы 6 қазанда Almaty театрында өтті және Мұғалімдер күніне орайластырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #Ұстаз #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика