конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үшем дүниеге келді: дәрігерлер күрделі от...

Алматыда үшем дүниеге келді: дәрігерлер күрделі ота жасады

Әлеумет 09.09.2022, 09:01 1,423
Алматыда үшем дүниеге келді: дәрігерлер күрделі ота жасады
Сурет: Inform.kz

Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді.


Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 1990, 1940 және 2200 грамм үш ұл бала дүниеге келді. деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Операция күрделі болды. Отаны профессор, медицина ғылымдарының докторы, №2 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, 30 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігер Сәуле Исенова жасады.



«Ұлдар жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Балалардың әрқайсысы өз ұрық қабығымен туды. Жатыр қуысынан шығарылғаннан кейін ғана ұрық қабығы ашылып, нәрестелер дүниеге келді. Шала туған сәбиді алудың бұл әдісі әртүрлі мүшелерде қан кетумен байланысты көптеген асқынулардың алдын алады. Операция бір сағаттан астам уақытқа созылды және сәтті өтті. Қазір ана өзін жақсы сезінеді», - деді ҚазҰМУ профессоры Сәуле Исенова.



Айта кетсек, жақында Сәуле Шайкенқызы осындай босандыруды қабылдаған. Үшем ЭКҰ жолымен дүниеге келді. Ота маусым айының соңында жасалды. Анасы мен балалары 2 аптадан кейін орталықтан шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #Сәби
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағасы қымбаттай ма?

Бүгін 11:09

+46°C: еліміздің кей өңірінде ауа температурасы қауіпті деңгейге көтеріледі

Бүгін 10:04

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Кеше 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Кеше 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Кеше 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);