AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда университеттің заңсыз иеліктен шығарылған...

Алматыда университеттің заңсыз иеліктен шығарылған мүлкі мемлекетке қайтарылды

Барлығы 05.02.2026, 23:00 390 Сұлу
Алматыда университеттің заңсыз иеліктен шығарылған мүлкі мемлекетке қайтарылды
Baigenews.kz

Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ ректорының өтініші негізінде оқу орнының мемлекеттік мүлкін иеліктен шығару заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау барысында Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 80-үй мекенжайында орналасқан (208,8 ш.м. павильон және оған тиесілі жер телімі) университеттің қажеттіліктеріне арналған жылжымайтын мүлік нысанының аффилирленген тұлғалардың пайдасына заңсыз берілгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған нысанда алкоголь өнімдерін сататын тәулік бойы жұмыс істейтін мекеме орналасқан. Сонымен қатар, бұл ғимарат университеттің №2 студенттер жатақханасына тікелей жақын жерде орналасқан.

Анықталғандай, 1995 жылы университеттің бұрынғы басшылығы мемлекеттік мүлікті уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуынсыз, мүлікті бағалау, конкурс немесе аукцион өткізбестен, төмендетілген құнмен жекеменшік компанияға берген. Кейіннен жер телімі де жер заңнамасының талаптарын бұза отырып мемлекеттік меншіктен шығарылған.

Одан кейінгі сатып алу-сату мәмілелері өзара байланысты және формалды сипатта болған. Нысан бірнеше рет бұрынғы ректордың отбасы мүшелерімен байланысты тұлғалар арасында қайта сатылып, кейін сыйға тарту шарттары арқылы оның жақын туыстарының иелігіне өткен. Осылайша, университет мүлкі іс жүзінде аффилирленген тұлғалардың пайдасына шығарылған.

Прокуратура сот тәртібімен бастапқы заңсыз мәмілелерді және олардан туындаған кейінгі шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз енгізді.

Соттар аталған мүлікті өткізу кезінде сол кезеңде қолданыста болған мемлекеттік мүлікті жекешелендіру туралы заңнама, жер заңнамасы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі азаматтық заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Медеу аудандық сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен прокуратураның талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Кассациялық саты сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша, прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттің мүліктік мүдделері қорғалып, университеттің жылжымайтын мүлікке құқықтары қалпына келтірілді.

Заңсыз иеліктен шығарылған мемлекеттік мүлікті анықтау және қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #университет #мүлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);