AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Бар...

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды

Алматы 30.06.2026, 10:06 424
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды
Алматы әкімдігі

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер-медбике Екатерина Александровна Баранова 101 жасқа толды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ардагерді туған күнімен құттықтауға Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері, әскери бөлімнің жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері келді.

Екатерина Александровна 1925 жылы 29 маусымда дүниеге келген. 1943 жылдың мамырынан 1945 жылдың желтоқсанына дейін 1-Украина майданында қызмет атқарып, сұрыптау госпиталінде медбике болып жараланған жауынгерлерге көмек көрсетті.

Соғыс жылдарындағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін ол II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және бірқатар жауынгерлік медальмен марапатталған. Жеңістен кейін Министрлер Кеңесінің ауруханасында 39 жылдан астам уақыт еңбек етіп, бар ғұмырын медицина саласына арнады.

Кездесу барысында қонақтар Екатерина Александровнаға Жеңіске қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Өз кезегінде ардагер көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін алғыс білдіріп, өмірдегі басты ұстанымы адамдарға мейіріммен қарау және салауатты өмір салтын ұстану екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#майдангер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының кандидаттары Caspian Beverage Holding ұжымына Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кеше 20:51

«Әділет» партиясының кандидаттары колледж ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Кеше 20:47

Бас прокуратурада «Заң мен тәртіп» принципінің жүзеге асырылуы талқыланды

Кеше 20:45

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Кеше 19:13

Халықаралық конференцияның ашылуы: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер

Кеше 18:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);