Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ұйымдастырылған экосенбіліктерге 11 мыңна...

Алматыда ұйымдастырылған экосенбіліктерге 11 мыңнан аса адам қатысты

Барлығы 21.06.2025, 16:39 634
Алматыда ұйымдастырылған экосенбіліктерге 11 мыңнан аса адам қатысты
Алматы әкімдігі

Күрделі жаңғыртудан өткен Сайран көлі жағалауында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.

Іс-шараның мақсаты қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару. Игі бастаманы әншілер, актерлер, ақындар мен жазушылар т.б. мәдениет пен өнер өкілдері қолдады.  

«Сайран көлі – жаңарып, түрленген демалыс аймағы. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында тынығып, отбасымен, достарымен жақсы уақыт өткізе алады», – деді Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков құттықтау сөзінде.

Сенбілікке Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі эстрада әншісі Жұбаныш Жексенұлы, театр және кино актері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ұлан Нүсіпәлі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Тушаев, ТҮРКСОЙ жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов, Алматы циркінің артистері, Гиннестің рекордтар кітабына енген акробаттар Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов қатысты.

Сондай-ақ, іс-шараға ақын Мұратхан Шоқан, театр және кино актрисалары Лиза Серікова мен Камалия Байтілеуова, әншілер Тахмина Әшімбекова, Кеңес Әлімжан, Гарифа Игісінова, Димаш Дәулетов, «Жаңа ғасыр» театрының артистері және өзге де мәдениет қайраткерлері мен өнер майталмандары қатысты.

Олар жастарды экологиялық жауапкершілікке баулудың маңызын ерекше атады.

«Табиғат – бізге аманат. Осындай көркем жерлердің, жалпы қоршаған ортаның тазалығын сақтау – келешек ұрпақ алдындағы борышымыз. Барымызды бағалай білейік», – деді ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы.

Актриса Камалия Байтілеуова мұндай игі істердің тұрақты түрде ұйымдастырылады деп сенеді. 

«Сайрандағы сенбілік қоқыс тазалау шарасы ғана емес, бұл қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігінің символына айналды. Осындай бастамалар жиілеп, Алматының көркеюіне бей-жай қарамайтын азаматтар көбейе түседі деген үміттемін», – деді Камалия Байтілеуова. 

Театр және кино актері Бақыт Тушаев алматылықтар табиғатқа сөзбен емес, нақты іспен жанашырлық танытуы қажет екенін айтты. 

ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет экология мен қоғамдық кеңістіктерге жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың қаланы жайлы, қауіпсіз әрі тартымды ортаға айналдыруға қосқан үлесі екенін айтты.
«Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана Алматының көркеюіне бағытталған игі істерді сақтап, дамыта аламыз», – деді ол.

Жұлдыздармен бірге іс-шараға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, еріктілер мен комьюнити орталықтардың мүшелері – барлығы 1000-нан астам адам атсалысты.

Айта кетейік, бүгін Алматының барлық 8 ауданында жергілікті экосенбіліктер өтті. Жалпы 11 мыңға жуық адам қатысты. 275 арнайы техника жұмылдырылып, 1 460 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайран #Алматы #тазалық #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика