AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Видео / Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы...

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы іске қосылды

Видео 09.04.2022, 04:15 2,635
Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы іске қосылды

Биыл 15 000 жануарды қамту жоспарланып отыр


Алматы қаласындағы қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде  реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі үй мысықтары мен иттерін тегін чиптеу бағдарламасын қайта іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2022 жылы Алматыда 15 000 жануарды қамту жоспарланып отыр. Чиптеу рәсімін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ветеринариялық дәрігерлері жүргізеді. Жануарлардың иелеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында ветеринариялық қызмет жеке сектордың әр ауласын аралап жүріп қарауды және аудан әкімдіктерімен бірлесіп чиптеу бойынша көшпелі бригадалардың жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Алматы қаласының кез келген тұрғыны ветеринариялық қызметтің Сall-орталығына, телефоны +7 708 595 6401, тапсырыс бере отырып, өзінің үй жануарын чиптеуді жүргізе алады. Иттер мен мысықтарды чиптеудің шектеулі жасы: 2 айға толғанда.


Чиптеу – бұл бірегей 15 таңбалы нөмірі бар жануарлардың (иттердің, мысықтардың) микрочипін имплантациялау болып табылатын электрондық бірдейлендіру. Жануар және оның иесі туралы барлық ақпарат (бірегей код) «Pet Control» қалалық деректер қорына енгізіледі. Бағдарлама қаладағы жануарлардың есебін дұрыс жүргізу және жоғалып кеткен үй жануарының иелерін жедел іздестіру үшін қажет.


Бұдан басқа, чиптеу рәсімі үйсіз жануарлар санының өсуіне қарсы күрес жүргізудің ең тиімді шарасы болып табылады. Қаңғыбас жануарлардың санына әсер ететін жайттардың қатарына иелерінің тарапынан болатын жауапсыздық, оларды бақылаусыз өсіру, азық базасын іздестіру мақсатында қаңғыбас жануарларды Алматы облысының аумағынан көшіру жатады.


Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, республикада үй жануарларын чиптеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, міндетті болып табылатынын естеріңізге саламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#чип #Ит #мысық #Үй жануары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08

Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің алғашқы нәтижесі

Бүгін 10:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика