Қалада үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілді.
Үй жануарларын серуендетудің жаңа ережелері, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жануарларды өлтірудің жаңа ережелері туралы ӨКҚ-нің брифингінде Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Еске сала кетейік, 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңын қабылдаған болатын. Ол жануарларды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарларға қарауда адамгершілікті нығайту және жануарлармен қарым-қатынас жасау кезінде қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларды ұстау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды реттейді.
Оның негізінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Жануарларды ұстаудың, уақытша ұстаудың және өлтірудің үлгілік қағидаларын және үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік ережелерін әзірлеп, қабылдады. Сонымен қатар, 2023 жылғы 17 қаңтардағы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясында Жануарларды ұстау, уақытша ұстау және өлтіру қағидалары, сондай-ақ Алматы қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілді. (08.02.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жаңа ережелер жануарларға қатыгездік көрсетудің алдын алуға, олардың санын адамгершілікпен реттеуге, қаланың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін реттеуге бағытталған. Онда «Аулау-Зарарсыздандыру-Вакцинация-Қайтару» (АЗВҚ) бағдарламасы арқылы олардың санын гуманистік жолмен реттеу, ұстау тәртібіне қойылатын талаптард қарастырылған», - деді Берік Солтанбаев.
Баяндамашы 2022 жылдың наурыз айына дейін ұсталған жануарлардың иелері табылып, асырап алу келісімдері бойынша үшінші тұлғаларға берілгенге дейін 3 күн ұсталғанын, ал сұрауы жоқ жануарлар медикаментозды ұйықтатуға ұшырағанын еске салды.
Енді белгілі бір жағдайларды қоспағанда (егер жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаса немесе адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе; кем дегенде үш жануар топтасқан болса) емделмейтін аурумен ауыратын жануарлар адамгершілік тұрғысынан ҚР заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен, (эвтаназия) дәрі арқылы өлтіріледі) қаңғыбас жануарлардың санын кез келген тәсілмен реттеуге тыйым салынады.
Осыған орай, қалалық ветеринарлық қызмет аулау қызметін жаңартты: уақытша ұстау пункті хирургиялық құрал-жабдықтармен және ветеринарлық препараттармен жабдықталған: ұстау-зарарсыздандыру-вакцинация-босату (ҰЗВБ) және операциядан кейінгі күтім. Сондай-ақ 200 орындық қоршаулары бар модульдік блоктар орнатылды.
Уақытша ұстау пунктінде жануарларды тіркеуден, тексеруден, иесін анықтауға арналған чиптің бар-жоғын сканерден өткізгеннен кейін жануарлардың суреттері Instagram желісіндегі @aulau_kyzmeti ресми парақшасында жарияланады.
Сұрауы жоқ жануарлар жұқпалы ауруларға диагностикалық сынақтар мен агрессиялық сынақтардан кейін ҰЗВБ процедурасынан өтіп, биркалар тағылып, бұрынғы мекендеу орындарына жіберіледі.
Қала тұрғындары осы жасыл биркаларға қарап, жануардың агрессивті емес және айналасындағыларға қауіп төндірмейтінін түсінеді.
Анықтама үшін: бүгінде ҰЗВБ бағдарламасы іске қосылғаннан кейін бұрынғы ауланған жерлерге еріктілер мен жануарларды қорғау ұйымдарының («Амиго» ҚҚ, «Senim-Meirim», «Аяныш» ҚҚ, «Animal Security» ҚҚ) бақылауымен 134 ит пен бір мысық шығарылды.
«Биыл қаңғыбас мысықтарға арналған үйлер орнату бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаның мақсаты қажетті мәліметтерді алу және ҰЗВБ бағдарламасынан өткен қаңғыбас иттер үшін питомниктерді орнатудағы ықтимал қиындықтарды анықтау болып табылады. Үйсіз жануарларды қорғау әлеуметтік маңызы бар мәселе екенін түсінеміз және бұл мәселені шешуге әрбір адам қатыса алады. Қолға алған жануарлар үшін біз жауаптымыз», - деді Б.Солтанбаев.
Алматы қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібі үй жануарларының иелері мен жауапты тұлғалардың жауапкершілігін реттейтін жаңа Ережемен айқындалады.
Жаңа Ережеде «жауапты адам» - жануар иесінің жазбаша нұсқауы бойынша жануар иесінің құқықтары мен міндеттерін атқаратын адам сияқты ұғым енгізілді.
Осы Ережедегі жаңашылдық, үй жануарларын қараусыз қалдыруға болмайды. Мұндай жағдай туындаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты адам жануарды уақытша ұстауға үй жануарларына арналған панаханаға орналастырады немесе үшінші тұлғаларға уақытша ұстауға береді, не жануарды зоологиялық қонақүйге орналастырады.
Жарақат пен зиян келтірмеу үшін ит иелері жануарларын жаңа Ереженің талаптарына сәйкес серуендетулері керек.
Сондай-ақ, иттермен күзетілетін техникалық қызмет көрсету станциялары, автотұрақтар, қоймалар сияқты өндіріс орындары бар меншік иелері мен жауапты тұлғалар жануарларды тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта бос ұстауға міндетті. Күндізгі уақытта иттерді қорада немесе қарғыбаумен ұстау керек.
Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы белгіленген заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабымен реттеледі. Сондай-ақ белгілі бір құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар салуды қарастырады және олардың мөлшері де құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты (10-нан 40 АЕК-ке дейін). Бір сөзбен айтқанда, 1 АЕК - 3450 теңге.
Жаңа Ережелер мүмкіндігі шектеулі (көру қабілеті нашар) жандардың жолсерік иттерді ұстауын да назарға алған, олар сауда орындарында, өндірістік залдарда және үй-жайларда иелерімен жүрулеріне кедергі жоқ.
«Әкімшілік айыппұлдар бос жүрген иттер тістеген адамдардың денсаулығын өтей алмайтынын әрқайсымыз жақсы түсінеміз. Сондықтан, үй жануарлары бар қала тұрғындарының есіне салғым келеді – «Сіздер олар үшін жауаптысыздар, сондықтан үй жануарларыңыздың тәуліктің кез келген уақытында басқалар үшін қауіпсіз болуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауыңыз керек», - деп түйіндеді Б. Солтанбаев.