AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық ж...

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар лагерінің ресми жабылу рәсімі өтті: үш күндік халықаралық жастар диалогының қорытындыланды

Алматы Бүгін 16:45 52 Сұлу
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар лагерінің ресми жабылу рәсімі өтті: үш күндік халықаралық жастар диалогының қорытындыланды
Алматы әкімдігі

«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» жобасы аясында ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар лагері Алматыда мәресіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үш күн бойы Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген жас көшбасшылар түркі кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайтуға және жастар арасындағы өзара байланысты дамытуға бағытталған білім беру, экологиялық және мәдени іс-шараларға қатысты.

«Алматыдағы халықаралық жастар лагері түркі мемлекеттерінің жастары ортақ сын-қатерлер мен бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Осындай жобалар халықтар арасындағы достықты нығайтып, болашақтағы ынтымақтастықтың берік негізін қалайды», – деді Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің бірінші орынбасары Союзбек Надырбеков.

Лагерь бағдарламасы жастарды қазіргі заманның өзекті тақырыптары төңірегіне топтастырды. Алғашқы күні қатысушылар бір-бірімен танысып, жастар саясаты, көшбасшылық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған ашық диалогтар мен пікірталас алаңдарына қатысты.

Екінші күн экология, цифрландыру және қоғамдық даму тақырыптарына арналды. Жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған Turkic Youth Tree of Unity халықаралық экологиялық акциясына қатысып, түркі мемлекеттері жастарының бірлігі мен жастар бастамаларының сабақтастығының белгісі ретінде көшет отырғызды. Сонымен қатар, Digital Turkic Youth форумы өтіп, қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық технологияның қоғамның дамуына және болашақ дағдысын қалыптастыруға ықпалын талқылады. Ашық әрі әділетті қоғам құрудағы жастардың рөліне де ерекше назар аударылды.

Қорытынды күн лагерьдің жабылу салтанатымен басталды. Іс-шара барысында үш күндік бағдарлама қорытындыланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, «What I Take With Me» атты ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, жастар әсерін, алған тәжірибесін және алдағы ынтымақтастыққа қатысты идея бөлісті.

Лагерьдің аяқталуына орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек қатысушыларды құттықтап, мұндай бастамалардың түркі мемлекеттері жастары арасындағы достықты нығайту мен халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытудағы маңызын атап өтті.

Қатысушылар сондай-ақ Almaty Museum of Arts музейіне барып, қаланың заманауи мәдени кеңістігімен танысты. Бұл экскурсия лагерь бағдарламасының қорытынды іс-шарасына айналды.

«Үш күн бойы Алматы түркі мемлекеттерінің жас өкілдері үшін ашық диалогтың, тәжірибе алмасудың және достық байланысты нығайтудың алаңына айналды. Осындай бастамалар халықаралық жастар диалогын дамытуға және түркі кеңістігіндегі өзара ықпалдастықты кеңейтуге ықпал етеді», – деді Азиз Кажденбек.

Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар лагері тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды дамытуға және түркі әлемінің жас көшбасшылары арасындағы байланысты нығайтуға арналған маңызды алаң болды. Оның аяқталуы «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» жобасының қорытынды іс-шараларымен тұспа-тұс келіп, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы жастар дипломатиясы мен гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезеңдердің біріне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Азаматтарды ерікті қан тапсыруға тарту бойынша қандай жүйелі шаралар жүргізіледі?

Бүгін 17:31

Кім қан доноры бола алады және қандай қолдау шаралары көзделген?

Бүгін 16:27

Музыка, өнер және жаңа идеялар: Алматыда Picnic by Partners мыңдаған қонақтың басын қосты

Бүгін 15:52

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Бүгін 14:53

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);